Ауылдық мектептер өркениет көшінен алшақ емес  

 «Білімді ұрпақ ел келешегі». Бүгінде бұл қағида өз құндылығын жоғалтқан емес. Сондықтан да елімізде бала тәрбиесі мен білігіне мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлінуде. Оған дәлел жылда өскелең ұрпақты тәрбиеге баулуға бағытталған жобалар жан-жақты жандануда. Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та мұғалімдер мәртебесі мен бала тәрбиесіне қатысты орамды ойларын айтып, Үкіметке нақты тапсырмаларын жүктеді. Осы орайда :амбыл облысында да жылда мектепке дейінгі тәрбие мен білім жүйесіне қатысты жағымды жаңалықтар мен тың бастамалар көтерілуде.

Мәселен  Т.Рысқұлов ауданында бүгінгі күнде жалпы білім бөліміне қарасты 23 балабақша (14 мемлекеттік, 9 жекеменшік), 15 шағын орталықта 3262 бала тәрбиеленуде.  Аудан бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 1-6 жас аралығында – 82,8 пайыз, 3-6 жас аралығында – 99,0 пайызды құрап отыр.

Бүгінгі күні жалпы саны  39 білім беру мекемелерінде WI-Fi желісі толық орнатылған. Қазіргі таңда  15 мектеп физика кабинетімен, 20 мектеп  биология  кабинетімен, 22 мектеп химия  кабинетімен жабдықталған.

Аудандағы 39 мектептің барлығы жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтылған, әрбір 7 оқушыға 1 компьютерден келеді.Жалпы интерактивті тақталар саны-142.

31 мектепте барлығы 2762 бала тегін бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған, оның 1172-і аз қамтылған отбасы балалары,1590-ы 1-сынып оқушылары.Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 209 миллион  теңге қарастырылған, бір күндік ыстық тамақтың құны-450 теңгені  құрайды.

Иә, бұл құландықтардың тындырымды тірлігі.

«Білім беру жүйесі – еліміздегі жемқорлық кең етек жайған салалардың бірі. Ал жемқорлықпен күресудің ең тиімді жолы халыққа қызмет көрсететін салалар мемлекеттің бақылауында болуы шарт. Осы сала жемқорлық көрсеткіші бойынша 3-ші орында тұр. Жемқорлықпен күресудің пайдалы түрі мемлекет халыққа қызмет көрсететін салаларды толығымен өзі жүргізуі тиіс. Осы бағытта біз біраз шараларды қолға алып отырмыз. 2019 жылға қарай 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды 100 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Сыбайлас жемқорлық қаупін азайтатын ҰБТ-ны өткізудің жаңа тәсілдерін енгізген болатынбыз. Биыл ҰБТ-ны қайта тапсырудың мүмкіндігін жасадық. Ал алдағы уақытта оны бірнеше рет тапсыруға мүмкіндік жасалды. Мектептердегі қаржы ашықтығын сақтап отыру үшін ашық бухгалтерия жүргізіледі» – делінген еді Үкімет үйінде.

Осы қырынан келгенде Жоспар жүйелі жүзеге асып жатқан секілді.

 

Дедек Төлен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.