АУЫЛДЫҚ ЖЕРДЕГІ АХУАЛ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Ауылдағы ахуалды, шалғай елді мекендердегі мәселелерді бір жүйеге келтіріп, рет-ретімен шешу мақсатында ауылдық округ әкімдерін жеке-жеке қабылдап, шешімін күткен мәселелерді талқыладық. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде ауылдықтарды алаңдатқан өзекті мәселенің бірі — жайылымдық жерлер екені сөзсіз. Бұған жергілікті тұрғындармен өткен кездесулерде де көз жеткізіп келеміз. Сондықтан да ең әуелі ауыл маңындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтарып, ауыл тұрғындарының игілігіне жарату мәселесін талқыладық. Бұдан бөлек, елді мекендегі қоқысқа, ауыз суға, жолға қатысты түйткілдерді де назардан тыс қалдырмай, кезең-кезеңімен шешу жолдарын қарастырдық. Сондай-ақ, әкімдерге әр күн сайын ауылды аралап, тұрғындармен жеке-жеке сөйлесу міндеттелді. Ал ауылдық жерлерге ойын және спорт алаңшаларын, медициналық мекемелер мен ауылдық клубтар салу мәселесін ұдайы назарда ұстайтын боламыз.
Бақытжан Жәнібеков , Шу ауданының әкімі