АУЫЛІШІЛІК СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Астана күніне орай Бейнеу ауданының, Сарға ауылында су тазалау ғимараты мен ауылішілік су құбырының құрылысы басталды. Мақсат – тұрғындарды тазартылған ауыз сумен қамтамасыз ету. Нысан құрылысының құны 487,583 млн теңге. Мердігер мекеме  «Сико» ЖШС. Жоба республикалық бюджеттен қаржыландырылды. ­­Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп күтілуде. Су құбырының ұзындығы — 27,275 шақырымды құрайды. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін, 200 тұрғын үй сапалы ауыз сумен қамтылады.

Сарға ауылының қуанышына қатысқан облыс әкімі Ералы Тоғжанов Елбасы Жолдауында ауыл экономикасы мен инфрақұрылымын дамытудағы мемлекеттік саясат аймақтарда замануи стандарттарға сәйкес  тұруға қолайлы жағдай жасау үшін бағытталғанын атап өтті.

Айман Оңғарбайқызы