АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САНАҒЫН ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2025 жылдың 1 тамызынан бастап ұлттық ауыл шаруашылығы санағы өткізіледі. Ауыл шаруашылығы санағында республика бойынша меншік нысанына қарамастан тіркелген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, ауыл шаруашылығы малдары, ауыл шаруашылығы техникалары мен қосалқы құрылғылары, ауыл шаруашылығы қызметін жүргізуге қатысты ғимараттар, құрыстар, мал ұстауға арналған қора-жай, арнайы кешендер барлығы қамтылады.

Бұл ауыл шаруашылығында дереккөдердің шынайылығы мен дұрыс тапсырылуын айқындайтын бір жүйе.

