Ауылшаруашылық жәрмеңкесінде көкөніс өнімдерінің көлемі артқан
Сарысу ауданының әкімі М.Сұлтанғалиевтің тікелей бақылауымен өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне жергілікті шаруалар әдеттегідей өз өнімдерін сатылымға шығарды.
Бұл жолғы өнім көлемі ішінде көкөніс өнімдері 6,2 тоннаға ұлғайып отыр.
Орталық алаңда ұйымдастырылған жәрмеңкеге сонымен қатар 1,0 тонна сүт өнімдері 3,4 тонна картоп, 1,2 тонна бақша, 4,0 тонна көлемінде жеміс (алма, жүзім, өрік, клубника, малина және т.б), 4,3 тонна ет және шұжық өнімдері мен 0,5 тонна бал аудан тұрғындарына ұсынылды.
Айта кету керек, бағаны тұрақтандыру мақсатында бақылау жұмыстары ұдайы жүргізілуде.
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі