АУЫЗСУ
Аудандағы 42 елді мекеннің 13-і орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылмаған (қамтылу – 69 пайыз). Биыл Жамбыл ауылдық округіндегі 5 елді мекеннің таза ауызсуға қол жеткізді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 5 ауылға (Жасөркен, Қызылқайнар, Ақбұлым, Байтерек, Қаратау) таза ауызсу құбырын тарту жұмыстары аяқталды.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Шоқай ауылына таза ауызсу құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмысы осы жылы аяқталады. Оған 156,3 млн теңге бөлінген. Бұдан басқа, Бесағаш, Түрксіб ауылдарының құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінімдері тапсырылды (құны – 1,5 млрд теңге). Бектөбе, Қызылшарық (996,7 млн теңге), Қаракемер (441,8 теңге) ауылдарының құжаттары әзірленуде.
2023-2025 жылдары қалған 7 елді мекенді таза ауызсумен қамту жеңілдетілген жолмен ұйымдастырылатын болады (Әулиекөл, Көлқайнар, Кемел, Сеңгірбай, Жұма станциясы, Құмсуат, Жаңаөткел).
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі