АЯҒЫҢНАН АЙРЫЛМА !!!

Жүре бер! Жүре бер! Жүре бер!
•Жыл сайын жасымызға жас қосылғанмен, аяғымыз жас болып қалуы керек!
• Біз жасымыз ұлғайған сайын шаштың ағаруы, әжім пайда болуынан қорықпауымыз керек. Қорқатын нәрсе- аяқтың әлсіреуі.
• Адам екі жеті аяқты қозғамаса ,аяқ 10 жылға әлсіреп кетеді екен.
• Даниядағы Копенгаген университетінде жүргізілген зерттеулерге сүйенсек үлкен адам да, жас адам да егер екі жеті аяғын қозғамайтын болса аяқ 20-30 жылға қартайып, әлсіреп кетеді екен.
• Әлсіреген бұлшық етті қалпына келтіру үшін тіпті реабилитациялық жаттығу жасағанның өзінде ұзақ уақыт керек болады.
• Сондықтан күнделікті жаттығулар (әсіресе таңғы 30минуттық) , жүру, жүгіру өте маңызды.
• Дененің артық салмағы, ауыртпалық бірінші аяққа түседі.
• Табан адамның бар салмағын көтеретін тіреуіш.
• Адамның 50% сүйегі мен 50% бұлшық еті екі аяқта орналасқан екен.
• Адамның ең мықты буындары мен бұлшық еттері де аяқта орналасқан екен.
• Икемді буын, күшті бұлшық ет, мықты сүйек- адамға түскен бар салмақты көтеретін «мықты үшбұрыш».
• Адамның 70% белсенділігі бойдағы энергияны жағу да аяқтың үлесінде екен.
• Жас кезінде аяқтың мықтылығынан адам жамбастың күшімен кіші-гірім машинаны да көтере алады.
• Аяқ қозғалыстың ең маңызды мүшесі.
• Адамның 50% нерв жүйесі, 50% қан тамырлары 50% қан қозғалысы тек аяқта орналасқан екен.
• Аяқ денені біріктіріп, қозғалыс беретін ең үлкен «роуминг-жүйе» болып табылады.
• Егер аяқ ауырмай мықты болатын болса, қан айналысы да жақсы болып, жүрек мықты болады.
• Кәрілік аяқтан басталады.
• Адам жасы ұлғайған сайын ми мен аяқтың арасындағы байланыс та азая береді.
• Жас ұлғайған сайын сүйектегі кальций азайып, аяқ-қолдың сынып кету қауіпі көбейеді.
• Сүйектің сынуы жасы үлкен адамдарда өте қауіпті ауру-бас ми қуыстарында қанның ұйюына (тромбоз головного мозга) әкелуі мүмкін.
• Аяқты жаттықтыру, шынықтыру тіпті 60 жастан асқан кезде де кеш емес.
• Әрине аяқ та жыл өткен сайын қартаяды. Дегенмен жалықпай жаттығу жасай беру керек.
• Білесіз бе үлкен адамдардың 15% жамбас сүйегінің сынуына байланысты көз жұмады екен.
• Аяқ мықты болғанда ғана кәрілікті «кешіктіруге» болады.
• Аяқ бұлшық еттері қартайғанша мықты болып қалуы үшін күніне 30-40 минут адам белгілі шапшаңдықпен жүруді, 30-100 рет отырып-тұру, 30-100 рет еңкейуді әдетке айналдыру керек.
• Аяқтарыңыз күшті, денсаулықтарыңыз мықты болсын.
Ғалымжан Зиябек.
Maksat Skakov парақшасынан алынды