Аяққа ілінген бақты жоғалтпай, басына шығару – тек ақылдының ісі…

 «Бақ әуелі адамның аяғына ілінеді. Аяғына келген бақты көтере алмаған, аяғын шалыс басып, жүрісінен жаңылады.

Егер аяғына келген бақты көтере алса, бақ өрлеп белге келеді. Белге жеткен бақты көтере алмаған не ұрпақсыз қалады, не өзінен тараған ұрпағына кесірі тиеді.

Егер беліне келген бақты көтере алса, бақ өрлеп кеудеге келеді. Кеудеге келген бақты көтере алмағанның кеудесіне нан піседі. Өзгеден гөрі өзін жоғары санағыш болып, менмен, өркеуде болады. Ондайдан бақ кетіп қалады.

Егер кеудеге келген бақты көтере алсаң, бақ өрлеп аузыңа келеді. Бұл кезде айтқаныңа ел ұйыйды. Аузындағы бақты ұстағанның ендігі кезегі – көзінде. Көзіне келген бақты кетере алмағанның көзін шел басып, бар мен жоқты, жақсы мен жаманды айыра алмайтын халге жетеді.

Көздегі бақты көтере алсаң, бақ жоғарылап басыңа орнайды. Кетпес бақ деп соны айтады.

Басына бақ орнаған адам – дана адам. Өйткені аяққа ілінген бақты жоғалтпай, басына шығару – тек ақылдының ісі…», -деген екен бабақазақ!

Амантай Тойшыбайұлы