Аяқкиімнен шығатын жағымсыз иіспен қалай күресу керек екенін білесіз бе?

Балаларға арналған сеппе ұнтақтың спорттық аяқкиімнен шығатын жағымсыз иіспен күресетінін білесіз бе? Немесе қалташадағы шәйдың да жағымсыз иісті өзіне сіңіріп алатын қасиеті барын біріміз білсек, біріміз білмейміз.

Балалардың тері баздануына қарсы сеппені аяқкиімнің ішіне сеуіп қойыңыз немесе барлық үйден оңай табылатын шәй қалташасының бір данасын аяқкиіміңізге салып қойсаңыз, таңертең құп-құрғақ, иістен арылған аяқкиім киіп шығуыңызға мүмкіндігіңіз болады.

Сонымен қатар табаны тайғанамау үшін таза жуылып, кептірілген аяқкиімнің табанына кәдімгі медициналық пластырьді жапсырып қоюыңызға да болады.

Егер сатып алған жаңа аяқкиіміңіздің сірісі қатты болып, ол аяғымды қажайды деп ойласаңыз, целлофан қалташаға су толтырып, оны аяқкиімнің ішіне салып, мұздатқышқа бірнеше уақытқа салып қоюыңызға болады. Қалташадағы су мұзға айналғанша ұстаңыз, сонда аяқкиімнің сірісі жұмсарады.

Егер аяқкиіміміңіздің белгілі бір тұстарында ақ түсті кездессе немесе тұтастай ақ аяқкиімнің қара дақ жұққан, жуып кетіруге де келмейтін тұстарын байқасаңыз, бізге көмекке келетін тіс жуатын пастаның көмегі зор.

Ол үшін кірлеген тұсқа аз ғана мөлшерде тіс пастасын жағып, оны қолданыстан шыққан тіс щеткасымен ысқылап, артынан шайып жіберіңіз. Қара дақтардың, сызаттардың ізі де қалмағанын байқайсыз.

Егер аяқкиіміңіздің үстіңгі бөлігі басқа түстерден құралса да, табаны ақ түсті материалдан жасалатын аяқкиімдер де кездеседі. Ақ түс кіршең келеді. Мұндай аяқкиімді ұзақ уақыт пайдалану үшін түсін жоғалтпағанын, тез көнермегенін қалаймыз. Өйткені, оның бағасы да арзан тұрмайды. Тастай салуға да қимаймыз. Ал кірлеген аяқкиімнің табанын тазартудың тағы бір жолын біліп алғанымыз артықтық етпес. Ол үшін, аяқкиімнің түсін сақтау үшін табаны ақ түсті болса, жәй ғана сулы шүберекпен тазартқанға «көне қоймаса» әдіс-тәсіліміз де бар. Әрі кеткен тырнақ бояуын қалай өшіріп кетірсеңіз, дәл сол тәсілмен аяқ киімнің табанын сүртіп шығасыз. Мақтаға сұйықтықты сіңіріп алып, ысқылап сүртіп шықсаңыз болғаны. Аяқкиіміңіз жаңа сатып алғандай болып шыға келеді.

Спорттық аяқкиімнің, яғни кроссовканың көпшілігі жұмсақ материалдардан, күдеріден, иілгіштік қасиеті мол бұйымдардан тігілетінін белгілі. Егер жаңбырлы күні аяғыңыз құрғақ болсын десеңіз, балауыз шамның көмегіне сүйеніңіз. Алдымен балауыз шамды аяқкиімнің барлық жеріне жағып шығамыз. Балауыз жағылған аяқкиімді шаш кептіргіш құралмен асықпай «кептіріп» алыңыз. Сонда оның түсі бастапқы қалпына келеді. Есесіне қандай жауынды күн болса да аяқ киіміңіз құрғақ шығады. Аяғыңыздан су өтпейді.

Кейде көп киілген ескі спорттық аяқкиімнің формасы жоғалып, жайылып кететіні де бар. Мұндай сәтте де еш саспаңыз. Аяқкиіміңізді шешіп қойған сәтте оның ішіне нығыздап газетті салып қойыңыз немесе керексіз дәптердің парақтарын да пайдалануға болады.

Күдеріден жасалған кроссовканы тазарту қиынға соғып жатса ыдыс жууға арналған, бірақ қолданылмаған губкамен тазартуға болады. Ол үшін сұйық сабынды губкаға аздаған мөлшерде жағып, аяқкиімді сонымен жуамыз. Айналдыра шеңбер жасай отырып, әбден көпіршітіп алған соң тазартып, жуып-шайып, бөлме температурасында кептіріп аламыз.

Дереккөзі: ernur.kz