Аялдамада болған оқиға

Бір күні аялдамада бір топ жігіттер өздері істеген күнәларын айтып мақтанып тұрады.Олардың әңгімелері қатты шығып кеткені соншалық қастарында тұрған жолаушыларға да естіледі. Олардың айтып тұрған сөздері, «Мен анау қызды үйтіп кеттім, бүйтіп кеттім, Құлағына айтып берсең ертегін, өзі-ақ саған ашып берер етегін»-деп қарқ-қарқ күліп жатыр еді, қастарына иман жанды бір жігіт жақындап, былай дейді:
Жетер, тоқтат, шеттен шықты сөзің тым,
Айтшы қане, «Әйел»-деген өзі Кім?
«Әйел» деген, дәл өзіңдей адам.
«Әйел» деген, кеше сені мәпелеген Анаң.
«Әйел» деген, намысың мен арың,
«Әйел» деген, қасыңдағы сүидім деген жарың.
Бесігінде жатқанда бөпелеген,
Тәй-тәй басса мәз болып жетелеген,
«Әйел» деген, қызың ғой еркелеген,
«Әйел» деген, қызың ғой «Әке»-деген.
«Әйел» деген, қарындас «Аға»-деген,
Бір өзіңді қорғаныш пана көрген.
«Әйел» деген әпкең ғой алдыңдағы,
Сен қуансаң , куанар алтын жаны.
Жоқ олардың, керексіз жаралғаны,
Ойын-күлкі, басқаға арналғаны.
Дәл осы істерді жақындарыңа қалар ма едің?
Қалар ме едің, Анаңның қор болғаның?
Зинақорға Қызыңның қол болғаның,
Қалайсыңба, астында өгіздердің,
Қарындас пен әпкеңнің езілгенің?!
Жүрегінде дерті бар надандардың,
Әйеліңнен дәметіп көз ілгенің?
Қаламасаң бұл істерді өзің үшін,
Өзге үшін де бұл істі «қылмыс» деп біл!
Ал достым, не ұқтың? не түйдің? не түсіндің?. Түсінсең тәубе те, түсінбесең, менің бар ойым, бар арманым, АЛЛА сүю, АР сүю, АДАМ сүю,қажет болса бұл жолда жанды кию! -деген екен.
Нұрбол Тулендиев.