АЗ ХАЛЫҚТЫ АУЫЗБІРШІЛІК  ҚАНА ІНДЕТТЕН ҚҰТҚАРАДЫ

Мына жаман індет еш нәрсеге де, ештеңеге де бағынбай күннен-күнге өрттей өршіп барады. Ұлтымыз үшін өте ауыр сынақ болып тұрған  өліара уақытта өзімшілдік мінезімізден арылып, жағдайға түсіністікпен қарайықшы. Неше түрлі жалған ақпараттарды таратудан сақ болайық ағайын.  Менің жүрегімнің ауратыны әлі де болса халықта бейхамдық басым және немқұрайлық байқалады.

Дәл қазір үкіметтің айтқанын тыңдамай бас басымызға түйе айдасақ, шыбындай қырыламыз. Бұл коронавирус кімді аяды? Миллиярдтан астам қытайды жаншып өтті, Италияны қақшып өтті, Американы әуре — сарсаңға салып,  алыс-жақынды түгел қан-жоса етті.
Тағы айтамыз, ауылда жұмыссыздар саны  өте көп. Билік әлі де болса оперативті түрде жұмыс жасауы керек. Ауылға,елге бармасын,Алла сақтасын! Бірінші тамақтан көмектесу керек халыққа. Қазақ аш адамнан ақыл сұрамаған ешқашан. Осы естен шықпаса дейміз. Бір күн ашығудың артында  – мың күндік қайғы жатыр. Тойынып кеткен нәпсі ашықса, аш төбеттен кем болмасы тағы белгілі.  Ашыққан төбет иесіне шапса – орны толмас қасірет сол емес пе. Онда тыққан байлықтан, халықтан аяған ақшадан не пайда? Иә,  бұл қазақ не көрмеді. Бір емес екі рет аштыққа ұрынды. Сол  аштықта адам адамды жепті. Оның бетін әрі қылсын!
Бүгінгі коронавирусты жеңіл сезініп, қалаға тығылып келіп, кетіп жүргендерге айтарым, өзіңді ғана ойлама қалқам, сен ауырсаң шаңырағың шайқалады, шаңырағың шайқалса отаныңа қауіп төнеді.  Баяғыда оба жайлаған замандарда ауылды қоршап алып, тірі жан шығармай өртеп жібергенін білеміз. Сол жағдай басқа түспесін дейік.
Біздің қазақ, аңғал қазақ әлі күнге той тойлатып, құда шақырып, арақ ішіп мәз –мейрам. Бұл коронавирус ауылға келмесін, ауылда еш жағдай жоқ.  Бәрі қырылып қалуы мүмкін. Сондықтан Алладан бұл дерттің тезірек елден аластауын тілейік, дұғада болайық ағайын!
Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің ұйқы дегенді ұмытып, бала-шағасын көрмей қалай жұмыс істеп жатқанын көзімізбен көріп отырмыз.  Олардың жанкешті еңбектерін сыйласақ, сыртқа шықпай үйде отырайық! Қоғамдық орындарға маска кимей бармайық! Тазалықты қатаң сақтайық!  Құдай бетін аулақ, қылсын әрине. Екінші Италияға немесе Испанияға айналып кетсек, індетті ауыздықтай алмай қаламыз. Жағдай бұдан жүз есе ауырлай түседі. Мен ешкімді қорқытып жатқан жоқпын. Бүгінгі күннің шындығы — осы.
Тағы бір Елнасы ретінде айтарым, қазір мен – билікпін немесе мен оппозициямын деп бір-бірімізге мінез көрсететін уақыт емес. Қазір ертеңгі күніміздің нешік екені белгісіз болып тұрған — өте ауыр уақыт. Отанымызды аман алып қалу өз қолымызда тұр, ағайын! «Бөлінгенді бөрі жейтін» кезең туды. Ақырын күтейік, Алладан!
Көкейге түрлі ой салатын мәселенің бірі «ғашықтан оқыту», кешіріңіздер, қашықтан оқыту. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байласты, оқу жылының соңғы тоқсанын «Қашықтықтан оқыту» көзделген екен,яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқу. Осыған біз қаншалықты дайынбыз, әсіресе ауылдық жерлер? Ел мен жерді көп аралаған Еланасы ретінде шындықтың жүзіне тура қарап айтар болсам, шалғайдағы кей ауылдарда,тіпті аудандарда интернет ұстамайды, ұстаған күннің өзінде жылдамдығы аз.

Ондай аймақтарда «Қашықтан оқыту» біле тұра  көз алдау емес пе?

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Біз сыни пікірлерді естіп те, көріп те отырмыз. Дегенмен, қашықтан білім беруге көшу – коронавирустық инфекцияның таралуын азайтуға бағытталған шаралар аясында жүзеге асып жатқанын барлығы түсінгені жөн. Өкінішке орай, басқа таңдау жоқ. Оқу процесі тоқтатылмауы тиіс» деп жұртты сабырға шақырды.
Дегенмен де нағыз айқай-шу басталып кетті. Өйткені, қазір қанша жерден онлайн оқытуға дайынбыз десек те, бар ақиқат, бұл саланың бар шынайы тіршілігі белгілі болды.. « Ойбайға аттан» қоспай ақ,кінәләні іздемей ақ белгілі, осы үлкен сабақ болса болар. .Себебін қоғам белсенділері жарыса жазып жатыр. Мыс.М.Кенжебай: «Дәл осы күндері 2018-2022 жж.-ға 108 683 142 000 теңге қаражат бөлінген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының нәтижесін aйқын көріп отырмыз»..

«Ауруды жасырсаң, өлім әшкере етеді» дегенді қалай тура айтқан аталарымыз..!
Иә, онлайн оқытуға «Балапан» және «Ел Арна» телеарналары да қосылып, көгілдір экраннан бейнесабақтар көрсетілмек. “Қазір біз осы екі жүйені шатастырып жүрміз. Екеуі екі бөлек. Дегенмен, қашықтан оқытудың мүмкіндігі көп. Онда түрлі платформа арқылы білім алуға болады Қашықтан арқылы оқыту – телеарна, радио, пошта, интернет арқылы оқыту деген сөз. Яғни, бізге онлайн сабақтан гөрі қашықтан оқыту тиімді. Бүгінде әлемнің 167 мемлекеті осы жүйеге көшіп, 1 млрд бала оқиды” деді министр. Барға қанағат етіп сабырмен түсінушілікпен қарағанымыз жөн. Білім министрлігі қолдарынан келгенін жасап ақ жатыр.Ұстаздың алдында мазасыз кейбір оқушылар қашықтан бақылаған «ұстазға»  телміре қояды дегенге сенгіміз келмейді. Ұстаздың қадірін енді ата аналар түсінері сөзсіз! Дегенмен түсінушілікпен қарамасқа лаж жоқ Мына коронавирус оған мүмкіндік бермей тұр ғой.  Олай болса, нағыз жауапкершілік ата-анаға да қоса  жүктелмек.

АРСЫЗДЫҚТЫҢ АРТЫНА ПАЙДАКҮНЕМДІК «ЖАСЫРЫНЫП» ЖАТПАСЫН

Әлеуметтік желіні арандату құралына айналдырып алғандар бар. «Үй ішінен үй тіккендердің» көксегені белгілі. Осындай тығырыққа тірелген шақта билікті бір мұқатып, халықты бір шулатып алса – шерлері тарқап, көңілдері марқайып қалатындай.
Небір айла-амалдар мен түрлі арсыздықтарды көріп кейде пұшайман күйге түсеміз. Иә, халықтың арасында шын мұқтаж адамдар жоқ деп ешкім айта алмайды. Бар. Бірақ олар қол жаймайды, ұялады. Шарасы таусылса ғана, жай-жапсарын қымсына айтарына сенімдіміз. Олар да ұят пен ар бар. Олар құнықпайды. Жоқ деп айтқанды ар көреді. Аз берсеңде місе тұтады.
Ал жүдеп-жадаған, тұрмыс тауқіметін тартты деуге келмейтін, шиқандай қыза бөрткен әйелдерді көргенде ішің ашиды. Жалғызбастымын дейді, ер-азаматы қайда жүргенін ешкім білмейді. Жүрген жерлері айқай-ұйқай.  Олардың «мүшкіл халін» небәрі бір аптаға созылған төтенше жағдайға әкеп тіреп, билікке қарсы қоюдағы мақсат пен ниет оңбай тұр. Бәрін жиып қойып осы аралықта жүздеген «ашыққан» әйелдердің көрініс беруі (ішінде еркек аз) кешегі ақ ордаға барғыш, әкімдікке шапқыш «аналардың» сойынан санаймыз.
Анамыз (әкеміз ат үстінде жүрді) арасы едел-жедел он баланы асырап бақты, аюдай ақырған әкеміздің де көңілін таба білді.  Қиналды, шаршады.  Бірақ қыңқ етпеді. Ер-азаматы әкелген дүниені аз да, көп те демеді, үлгіртті. «Мен он бала таптым» деп ешкімге бәлсінбеді. Алланың бергені деп шүкіршілік етті. Кейде » бай құдай болсам жарлы, бай болсам»,қанағатсыздықтарынан, Алланың ханнан қарашаға дейін сынағы ма ойланайық сабырға келейік..Ертең осы күнді армандап қалмайық қарақтарым..!
Жалғыз мен емес, қаншама бүгінгі  менің замандастарым мен ағаларым, жеңгелерім осылай күн кешті.   Арандатып жүрген, елді дүрліктіріп жүрген кей әйелдерді көргенде менің есіме балалық шағым түседі. Аналарымыз айқайлап көшеге шықпақ түгілі, үй ішінде дауыстап сөйлеуге ұялатын.  Үй артында кісі бар деп отыратын үнемі. Барға қанағат дейтін. Барын көршісімен, жақын-жуығымен бөлісетін. Сөйткен аналардың бүгінгі ұрпағы «аттандауға» еті үйреніп, «ойбайлауға» көндігіп бара жатқандай көрінеді маған. Бұл да жақсылық нышаны емес негізі.  Иә, мемлекет белгілі бір деңгейде көп балалы аналарды қолдауы керек. Әлеуметтік проблемаларына көңіл аударуы тиіс. Бірақ мемлекетке  арқа сүйегіш, қитықтан – ситық тапқыш «жатып ішер жалқауларды» өсіріп-өндіруге  міндетті емес. Осыны ұрпақ санасына құйып өсіру аға буын бізге міндет!
Ел президенті бір рет несиеге «байланған» халықтың кредитін мемлекет есебінен жауып берді. Бұл еңбегі неге ескерілмеуі керек. Болар елдің баласы бірін – бірі батыр дейтіні қайда?
Ол аз десеңіздер, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай кезінде халықтың барлық займдар бойынша негізгі қарыз сомасын төлеуін тоқтата тұру қажеттігін мәлімдеді.

 

 

Бұл да дәл қазіргі жағдайда үлкен көмек.Банк басшыларын түсінушілікке  шақырғаны.. Үкімет кезінде бірнеше мәрте көмектескінін айтып кеткені көп нәрсені аңғартады. Селт  еткен банк бсашыларын көрмедім ӨКІНІШТІ..!
«Біріншіден, төтенше жағдай кезінде айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге қабылданған тыйымнан басқа, халықтың барлық займдары бойынша негізгі қарыз бен сыйақы сомасын төлеуін тоқтата тұру қажет. Банктерден мен толық түсіністік пен азаматтық ынтымақтастықты күтемін, — деді Тоқаев. Оның айтуынша, көптеген азамат жеке қаржылық жағдайының қиындауына байланысты банктік емес ұйымдарға, ломбардтарға, интернет-несие берушілерге, микроқаржы ұйымдарына жүгінуге мәжбүр. Сондықтан секторды тазарту өте маңызды. Азаматтарды алдау мүмкін емес. Мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне, Бас прокуратураға, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне заңнаманың сақталуын тексеру бойынша ауқымды акция жүргізуге және заң бұзушыларды жария түрде жазалап, мұны БАҚ пен әлеуметтік желілерде барынша көрсетуді тапсырамын. Бұл қазақстандықтар қиын-қыстау жағдайда өздерінің құқықтарын мемлекет қатаң қорғайтындығын білу керек, — деді президент. Бұдан асқан билік тарапынан қандай жақсылық болуы мүмкін. «Қолда барда алтынның қадірін біліп» жүргенге не жетеді ағайын!

 

Правительство и Нацбанк сделали заявление по экономической ...

 

АКАДЕМИК М.ЛАЙТМАННЫҢ БОЛЖАМЫ КӨҢІЛГЕ ҚОНЫМДЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік кеңестің отырысында сөйлеген сөзінде күлбілтеге салынбай сөздің  турасын айтқаны ұнады! «Бұл дағдарыс біз үшін, билік үшін сынақ…» деді.
Өйткені қазірдің өзінде билікті қаралауға, даттауға дайын топтар бас көтерді. Бұл соларға нақты жауап секілді маған. Әрине, билікке деген халықтың көңілі ала-құла.  Өйткені жемқорлық бастауында билік тағайындаған шенеуніктер жүр. Алысқа бармай-ақ күні кеше ел тұрғындары коронавируспен арпалысып, жанымызды қалай сақтаймыз деп  жанталасып жатқанда, Қызылорда облысы әкімінің жемқорлық айыбымен тұтқындалуы билікке үлкен соққы болды.
Аман болсақ, сақтық шараларына мойынсұнсақ, аты жаман коронавирусты да ауыздықтармыз.  Сахабалар заманынан жеткен хадисттерде жаман індеттердің көктем уақыты шыға құтырып, жаз бастала бере тұтылатыны көңілге медет!
Бұдан аман-есен шықсақ,  короновирустан да жаман коррупциядан   ұлт болып ұйысып, xалық болып келісіп, жұрт болып жұмылып құтылатын күнде туар!!
Өйткені жемқорлық кез келген биліктің ата жауы. Жемқорлық жүрген жерде экономикалық даму болмақ емес. Бұны Тоқаев мырза да біледі деген ойдамыз.
Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы (ЦАРКА) Қазақстандағы Covid-19 коронавирусының таралу үлгісін жасап шығарды. Мамандардың пікірінше, 10 сәуір күні елмізде ауруға шалдыққандардың саны 17 мыңға жетуі әбден мүмкін. Беті аулақ. Бірақ «Жаман айпай жақсылық жоғын» ескеріп, халықта құлағдар болғанын қалап әдейі ұсынып отырмыз.
Қазақстандағы коронавирустың таралу үлгісі әлемдік статистикалар негізінде жасалыпты.
Мамандар олар келтірген заңдылықтың Қазақстанда ауруды жұқтырғандардың саны 100-ден асқаннан кейін сақталатынын атап өтіпті. Осылайша сарапшылардың пікірінше 23 наурыз күні елімізде індетке шалдыққандардың саны 100 болуы керек екен.
Үлгіге негіз ретінде мамандар 19 наурыз-10 сәуір аралығын, яғни үш аптаны қарастырған. Олардың пікірінше, бұл болжамның қорытындысы жағымсыз. Қазақстандағы жағдай Еуропа мемлекеттері секілді ушығуы мүмкін көрінеді.
Ендігі мәселе карантин сәуірдің 15 күні біте ме?  Бітпесе ары қарай жағдай қалай болмақ? Қатаң тәртіпті ұстанған қытай мемлекеті коронавируспен 3 ай күресті. Тәртіпке бағынбағандарды атты, асты. Қамады.  Ақыры жұқпалы дертті ауыздықтағанда болды.
Егер біздің елде 15  сәуір күні аяқталмаса ары қарай қандай шаралар қолданылады, Үкіметтің А,Б,В жоспары бар ма?
Меніңше Үкіметтің көмекті (Кредит жеңілдік) 3 айға созып жатқанына қарағанда арты қиын бола ма деген ой.  Қазіргі сәтке дейін (7сәуір) вирус жұқтырғандар саны  670-ге жетті. 6 адам қайтыс болды. Алла өзі сақтасын, біз қауіп еткесін айтамыз — дағы.
«Жамандықтың да бір жақсылығы болады» деп өскен елдің ұрпағымыз, осы коронавирус   Ханнан қарашаға дейін үйге қуып тығып, адамдарға ойлануға, қателіктерін жөндеуге, алдағы өмірлерінің жаңаша қалыптасуына мүмкіндік туғызған сияқты бізге.  Алла Тағала өзінің үстемдігін әлемге әйгілеп, ғаламды  «тарының бір қауызына сиғызды» деуге болады. Бұл деген адамзатқа ойлануға таптырмайтын кезең болмақ.
Әлемге белгілі ғалым, академик  М.Лайтман былай дейді: « Өлімнен қашпайсың – өйткені  вирус қасыңда жүр. Адамдар  эгозимге бой ұрып кеткелі қашан, енді тәубесіне келмесе қиын. Бұл індет адамдар бойындағы  өзімшілдікті жояды. Жоя алмаса өздеріне сабақ. Мен бұл вирустың келгенін қолдаймын, әйтпесе, бір құдірет жер бетіне басқа бір ол мүмкін соғыс, бәлкім зілзала, бәлкім үлкен апат жіберер еді. Өйткені адамдар тым тойынып кетті. Семіріп кетті. Енді тәубемізге келуіміз керек. Енді әлем басқаша дамып,  идиология да басқаша өрбуі тиіс ..» деген сарында ой айтыпты. Оның бұл пайымын атамыз қазақ бір-ақ ауыз сөзбен «Көп тоқтықтың бір аштығы болады деп» келте қайырыпты – ау…
Әлемді әбігерге салған коронавирус індеті адамзаттың басым бөлігін өз үйіне, төрт қабырға арасына қуып тықты. Әрине, тілсіз жаумен күрес оңай болып жатқан жоқ. Бірақ кез келген тоқырау – тек қиындық қана емес, үлкен жаңалықтың, жаңа идеялар мен шығармашылық шабыттың вулкандай атылатын кезі екен. Тарихта бұған мысал жетерлік.
…Атақты ағылшын ақыны Уильям Шекспир 1606 жылы Англияны баудай түсірген оба індеті кезінде карантинде жатып алып әйгілі «Король Лир», «Макбет» «Антоний мен Клеопатра» шығармаларын дүниеге келтірген.

Уильям Шекспир - биография, фото, произведения, творчество, соне и ...

…1665 жылы Исаак Ньютон Кембриджді тастап, үйіне оралуға мәжбүр болады. Оған сол кезде Англияда өршіп кеткен оба дертіне байланысты қабылданған карантин себеп болған екен. Сөйтіп мұғалімдік қызметінен уақытша ажырап, әріптестерінен алыстап кеткен Ньютон амалсыздан ғылымға бет бұрыпты. Әлемге әйгілі «Ньютон заңдары» осылай пайда болған екен.

Исаак Ньютон - биография, законы физики, семья, личная жизнь, фото ...

…1830 жылы Пушкин үйлену қамымен жүріп, атажұртына, Балдино селосына барады. Сол кезде аяқ астынан тырысқақ ауруы шығып, ақын түкпірдегі ауылда 3 ай карантинде жатуға мәжбүр болады. Кейін қарасақ, Пушкин шығармашылығындағы ең жемісті, жарқын кезең сол болыпты.

каким на самом деле был Пушкин

Кездейсоқ карантин, ойламаған оңашалық ақынға тың шабыт беріп, жаңа жанр, түрлі әдеби формалар ойлап тауып, прозалық һәм поэзиялық шедевр шығармаларын жазған. Оның бүкіл ертегілері, «Евгений Онегин» шығармасының басым бөлігі осы кезде жазылған.
Ал біздің карантиндегі жазушылар мен өнер тапқыштарымыз не тындырып жатыр. Оны уақыт көрсетер.

Сәуле Мешітбайқызы