«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында Бірыңғай гербарий қоры құрылды

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясындағы Бірыңғай гербарий қоры Қазақстан Республикасындағы гербарийлердің маңыздылығы мен сан алуандығы бойынша екінші болып табылады. Оған Қазақстанның өсімдіктер әлемінің 100 тұқымдасына жататын шамамен үш мың түрі және он мыңнан асатын жапырақтар қамтылған. Онда өсімдік жабынының доминанттары, бағалы жемдік, улы,арамшөп, дәрілік, сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер таңдалып алынған. Жусан, қорық, таулы, дала және шөл өсімдіктерінің гербарийлері жеке топтастырылған. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі мәлімдейді.

Басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, Қазақстанда жерге орналастыру berberis-heteropoda-13жүйесінде геоботаникалық зерттеулер және геобатаникалық карталар жасау өткен ғасырдың 50 жылдарынан бері жоспарлы жүргізілуде, ол Қазақстанның өсімдіктер әлеміндегі мұрасын сақтауға мүмкіндік береді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құрылымына негізіне гербарий кіретін геоботаникалық картаны құрумен айналысатын жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы кіргендіктен, біз гербарий қорын жаңарту жұмысынәрдайым жүргізіп отырамыз. Қазіргі кезде алқапқа шығу алдында геоботаник мамандар гербарий бойынша оқу курстарынан өтіп, өсімдік түрлерімен танысады, оларды жүйелейді, ал барып келген соң оның қорытындысы бойынша гербарийді жаңа өсімдік түрлерімен толықтырады», — деді Құмарғалиев.

Сондай-ақ ол, БГҚ құрудың мақсаты өсімдіктер морфологиясын, олардың георафиялық, экологиялық және жекеше өзгермелілігінзерттеу; кез-келген аумақтағы өсімдік әлемінің құрамын құжаттандыру, сондай-ақ өсімдіктердің жеке түрлерін (аймақтарға) тарату; белгілі бір кезеңде өсімдіктің өзгеруі жайлы толық мәліметтер жинау болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияда Энглер жүйесі бойынша сандық гербарий құрылып, қораптарда орналасқан өсімдіктерді тез табу үшін каталог жасалған.Жақын уақытта гербарийді облыстар бойынша цифрландыру жүргізілетін болады және жемдік, бал-шырынды, дәрілік және сол сияқты шаруашылық маңызы бойынша өсімдіктер іріктеліп алынады.

Бірыңғай гербарий қорындағы өсімдіктердің толық флористикалық тізімін құру үшін Астана қаласы мен Қарағанды облысынан гербарийлер жеткізілген және аллдағы уақытта солтүстік аймақтағы өсімдіктер түрлерімен толықтырылатын болады. Келешекте Бірыңғай гербарий қорыныңақпараттық-копмьютерлік деректер базасын құру жоспарлануда.

Қазіргі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының гербарийлерін магистранттар, докторанттар, биологиялық, ауыл шаруашылығы және географиялық мамандықтардың ғылыми қызметкерлеріжаңа жиналған өсімдік даналарын нақтылау және анықтау, жекелеген аймақтардың флорасын құру және тақырыптық көрме жүргізу үшін қолдануда.

Қазан айында мемлекеттік корпорацияның біріңғай гербарий қорын құру «Мәңгілік мұра» жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздгінің 25 жылдығы құрметіне өтіп жатқанын атап айтамыз.