«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілер арасында өткен байқауды қорытындылады  

 

«Азаматтарға арналған үкімет» жүргізушілер арасында өткен «Көлігіңді онлайн тіркеп, ұтып ал оған дөңгелек» атты байқаудың қорытындысын шығарды. Ұтыс ойыны астаналық мамандандырылған ХҚО-да өтіп, корпорацияның ресми Instagram әлеуметтік желісінде тікелей трансляция арқылы көрсетілді.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамызда жарияланған байқау бір айға созылды. Байқау шарты бойынша қатысушылар өз көліктерін 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін электрондық үкімет порталында онлайн тіркеуі тиіс болатын.

Айта кетейік, бұл шара бұған дейін өткізілетін барлық шаралардың ішіндегі ең ауқымдысы болды — байқауға барлығы 4 696 адам қатысты.

Байқаудың басты демеушісі – Aster Auto ұсынған жүлделер автоәуесқойлар үшін нағыз пайдалы сыйлық болды. Олардың арасында дөңгелектер жиынтығы, сақтандыру полисі, көлік жуу абонементі (автокөлікті химиялық тазалау), бейнетіркегіш, май ауыстыру және толық баг жанар-жағармайға талон бар.

Жеңімпаз ЖСН-ның кездейсоқ генерациясы әдісімен анықталды. Қорытындысында жамбылдық Майя Аманжолова, түркістандық Серік Сұлтанов, қызылордалық Әділет Асқаров, павлодарлық Сергей Смешеев және Алматы облысының тұрғыны Қуаныш Бегалиев бағалы сыйлық иелері атанды. Бас жүлдеге қойылған дөңгелек жиынтығына ақшалай сертификатты Қостанай қаласының тұрғыны Николай Потоцкий ұтып алды.

«Мен үшін бұл нағыз тосынсый болды. Ұйымдастырушылар қоңырау шалып, сіз бас жүлдені ұтып алдыңыз дегенде сенер-сенбесімді білмедім. Мен үшін көлігімді еш қиындықсыз, жылдам, бірнеше минутта онлайн тіркегеннің өзі сыйлық еді. Ұйымдастырушыларға осындай шын мәнінде пайдалы жүлде үшін рақмет айтқым келеді. Енді барлық қызметті тек онлайн әдіспен аламын», – деп жүлдегерлердің бірі өз қуанышымен бөлісті.

Айта кетейік, бұл «Азаматтарға арналған үкімет» өткізетін соңғы байқау емес. Он үшінші тамызда жаңа босанған аналар арасында «Анаға цифрлық көмек» атты байқау жарияланған болатын. Байқау шарты бойынша ата-аналар бала туу жөніндегі жәрдемақыға өтінішті онлайн рәсімдеп, балаларға арналған тауарлардың иесі атана алады.