Азаттықты ту еткен қазақ халқының сан ғасырлық тарихындағы игі мұраты Тәуелсіз ел атану болды.

1986 жылғы Алматы алаңындағы Желтоқсан оқиғасы өшпес рухты дәлелдеп, Тәуелсіздікке жол ашты.
Сарысу аудандық Төкен Мақашев атындағы тарихи-өлкетану музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен музейде Желтоқсан көтерілісінің ардагері Нұржан Есмахановпен «Тәуелсіздік-ел бақыты» атты кездесу өткізілді.
Кездесу барысында музей қызметкері
А. Есіркепов баяндама оқып, желтоқсан ардагері Нұржан Есмаханов оқушыларға желтоқсанда болған оқиға туралы баяндап берді.
Шарада оқушылар Д.Сағырәлі, Б. Қозыбай, Г.Түймебай ,К.Мәдиқызы, Ж.Жанділдақызы Тәуелсіздік күніне арнаған өлеңдерін оқыды. Тәрбиелік мәні зор шара «Қазақстаным» әнімен қорытындыланып, музей залдарына экскурсия жасалынды.