Әзербайжандар «Қаралы қаңтар» құрбандарын еске алды
«Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігімен Атырау облысы ҚХА жанындағы Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Қаралы қаңтар» атты іс-шарасы өткізілді.
20 қаңтар Әзірбайжан елі үшін тәуелсіздіктің символы қалыптасқан кезең болатын.
Себебі 28 жыл бұрын осы күні Әзірбайжанның тәуелсіздігіне жететін жолында маңызды бет бұрыс қырғын болды.
Осы орайда, «Оқиғалар басталған күні елдің барлық коммуникация мүмкіндіктері үзіліп, әлеммен байланысы кесілгеніне қарамастан Әзірбайжан халқы үлкен батылдықпен тарихқа есімдерін алтын әріптермен жазатын болған.
Сондай-ақ, «Қаралы қаңтар» оқиғасының құрбандарын еске алу шарасында сөз сөйлеген Атырау облысының Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің төрағасы Э.Ахмедов «28 жыл бұрын 1990 жылдың 20 қаңтар күні Әзірбайжан халқы бір түнде 140 перзентінен айрылып қалды. 700-ден астам азамат жарақат алды. Осы қырғын Әзірбайжан халқына бас идірмейтіндей, Әзірбайжан тәуелсіздігінің бастауы болды» деді.
Кейін «Қаралы қаңтар» құрбандарын еске алып бір минуттық үнсіздік жарияланды.
Шара соңында аталмыш тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.
Атырау облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі