🔰ӘЖЕМНІҢ ЕРТЕГІЛЕРІ

🌈Жуалы ауданы Бауыржан Момышұлы ауылдық балалар кітапханасының кітапханашылары Н.Нұрманалиева, Г.Егеубаева, Жуалы аудандық билер кеңесінің мүшесі С.Медетбек, Аналар алқасының мүшесі Б.Қанаеваның қатысуымен «Аягүл» бөбекжай балабақшасының мектепалды даярлық «Ботақан», «Балдәурен», «Айгөлек» топтарына «Мақта қыз бен мысық» ертегісін оқып берді.
🌈Мақсаты: Ертегілер еліне саяхат жасау арқылы кішкентай оқырмандардың тілін, сөздік қорын молайту. Бүлдіршіндердің танымдық қабілетін арттыру, қиялын дамыту, адамгершілік пен шындыққа, ой-өрісін, сана-сезімін жан-жақты дамыта отырып, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.