Әзірбайжан банкі Қазақстан қарызын қашан қайтарады?

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Владимир Косарев ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа:

«Мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынып, Әіербайжанда қалып қойған ақшалар мәселесі туралы білгім келеді. Біз Әзербайжанның қаржы ұйымдарына аталған қаражатты қайтару туралы айта аламыз ба? Ол қаражатты жартылай жоғалтып қана қоймай, тіпті Әзірбайжанның Қазақстанға қомақты қарызын лонгридтеуден өткіздік.

Бізге мүмкін қаржы қатынастарына мән беретін кез келген шығар», — деген сауал қойып, Әзірбайжан банкіндегі қаражат мәселесінің қалай шешіліп жатқанын сұраған болатын. Күйіп кеткелі тұрған қаржыға қатысты пікір білдірген министр: «Біз бұл ақшаны жоғалтқан жоқпыз. Егер банк, шынында да, банкротқа ұшыраса немесе қарыздың қайта өзгеріспен төленуін несие берушілердің басым көпшілігі қолдамағанда, ақшаны жоғалту қаупі туындайтын еді.

Бүгінгі таңда банктің бұл облигациялары Әзірбайжанның дербес облигацияларына ауыстырылған. Қорытындысында, 3,5 пайыздық мөлшерлемемен 250 млн АҚШ долларының қайтарылу мерзімі 15 жылға ұзартылды. Бұл қағаздар өтімді болып саналады», — деп жауап берді.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы Қазақстанның бірыңғай зейнетақы қоры 71,3 млрд теңге немесе 250 млн доллар инвестиция салған Әзірбайжанның Халықаралық банкі банкротқа ұшырағаны туралы сотқа өтініш берген. Қаржылық проблема Әзірбайжанның ұлттық валютасының құнсыздануы мен мұнай бағасының құлдырауы салдарынан туындаған болатын.