АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА
Ауданда 3505 жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде, 3054-і белсенді жұмыс жасайды. 192-і дүкен азық-түлік сатумен айналысады.
2023 жылдың 20 қыркүйегінде аудан әкімінің өкімімен «Азық-түлік және азық түлік емес тауаралардың бағасын тұрақтандыру мониторингін жүргізетін арнайы топ» құрылды.
Қазіргі уақытта аудан халқының негізі тұтынатын 18 түрлі азық-түлік бағаларына аптасына бір рет мониторг жүргізіліп келеді. 18 тауардың 9 түрінде сатылу бағасы төмендеген. Ал 5 тауар жыл ішінде бір бағаны қалыпты ұстап тұр. Қалған 4 азық-түлік бағасы қымбаттаған.
Сиыр еті, тауық еті, айран, сүзбе, сары май, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп сияқты азық-түліктер арзандаған.
Қала және ауылдық округтерде ұн сататын операторлар айқындалуда.
Байқадам ауылдық округінде ұн сататын арнайы оператор айқындалып, Саудакент ауылында бірінші сұрып ұны 50 кг қабы 7500 теңгеден сатыла бастады. Нан бағасы тұрақты. Наубайханаларда 115 теңге, дүкендерде 120 теңгеден сатылып отыр.
Әлеуметтік тауарларды сатып алып, оны қайта сатқанда 15 пайыздан жоғары үстеме қаражатын қосқандар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-4 бабымен жауапкершікке тартылатындығы туралы ескерту парақшалары сауда орындарына екі мәрте таратылып берілді және қатаң ескертілді. Бұл хабарлама аудандық «Сарысу» газетінде де жарияланды.
Азық-түлік бағасын тұрақтандыруға байланысты әр сенбі сайын Жаңатас қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Жыл басынан бері 37 рет жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде аудан кәсіпкерлерімен қатар, көршілес Жуалы, Байзақ, Жамбыл аудандарынан, Түркістан облысынан шаруалар ауылшаруашылығы өнімдерінің тауарларын әкеліп сатуда.