Аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков Қаратау қаласындағы азық-түлік бағасын тексеру мақсатында «Диас», «Фиркан», «Корзинка» сауда орталықтарында болды.
Аудан әкімі сауда қатарларын аралап шығып, ұсынылған өнімдердің сапасымен, түрлерімен танысты.
Жауаптыларға әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын үнемі бақылап отыруды тапсырды сондай-ақ, тауар құнын негізсіз өсірген сатушыларға ескерту жасалатынын жеткізді.