Азық- түлік товарларының бағаларына мониторинг жасалды
Байзақ ауданында қарасты елді мекендердің сауда орталықтары мен дүкендеріне әлеуметтік маңызы бар азық- түлік товарларының бағаларына мониторинг жасалды.
Аудан әкімінің орынбасары Д Жақыпбеков бастаған аудандық кәсіпкерлік бөлім, салық бөлімі, ардагерлер кеңесі, » Адалдық алаңы» басшылығы, аудандық маслихат депутаттарымен бірге арнайы құрылған комиссия құрамымен бірге Қызыл жұлдыз, Қостөбе, Бурыл, Көктал ауылдарын араладық. Ауыл әкімдері комиссия құрамымен бірге зерделеуге қатысты.
Зерделеу барысында дүкендердің сыртқы және ішкі тазалығына және бағалардың шекті деңгейден аспауына, сөредегі товарлардың орналастыруда санитарлық- гигиеналық талаптардың орындалуына, әлеуметтік бұрыштардың болуына, товарларда ценник ( бағалардың штрих кодының) көрсетілуіне байланысты ескертулер жасалды, талаптар қойылды.