АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУ–БАСТЫ МАҚСАТ

Сарысу ауданында Азық-түлік бағаларының тұрақтылығы қарапайым халық үшін өте маңызды. Айлығы шайлығынан аспайтын жұрт жеңілдіктер мен жәрмеңкені асыға күтіп жүреді.
Осыған орай, аудан әкімдігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытында жүйелі жұмыстарды қолға алып келеді. Солардың бірі әр аптаның сенбі күні өтетін күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі.
Жаңатас қаласының орталық базарда 18 мәрте ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Айта кетсек, Сарысу Аманат қорымен және аудан әкімінің қолдауымен арзандатылған бағада(20-25% төмен) 3 жәрмеңке және «Батыр Бек» әлеуметтік дүкенімен нарықтан 20-25 пайыз төмен 4 жәрменке 25 тн-ға жуық әлеуметтік маңызы бар тауарларын орталық базарда сатылымға шығарды. Ал Жуалы ауданының кәсіпкерлері сүт өнімдерін(сүзбе майлығы-1200 тг сарымай-1550 тг) ешқандай делдалсыз тікелей Сарысу ауданына жеткізіп, орталық базарда сауда-саттық жасауға арнайы белгіленген коммуналдық орындарда сатып жатыр.
Жаңатас қаласында жұмыс істеп тұрған 2 әлеуметтік дүкен бар(«Батыр-Бек» және «Шадияр») және жаңадан арзандатылған бағадағы «Адал» супермаркеті ашылды. Аталған сауда орындарында ӘМАТ ең арзан бағада сатылып жатыр. «Тараз ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорынан алынған азық-түлік тауарлары бірінші кезекте осы дүкендерге жеткізіледі. Жалпы азық-түліктің негізгі қоры Тараз және Шымкент қалаларындағы көтерме базардан жеткізіледі. Наурыз айында «Тараз» ӘКК тұрақтандыру қорынан жеткізілген арзандатылған бағада жеткізілген 5 тн аққанттың негізгі көлемі осы әлеуметтік дүкендерде сатылды. Жалпы аудандағы азық-түліктің қалдығы да бақылауда. Қолымыздағы қор аудан халқына жеткілікті. Таусылған тауарларды әкелу шаралары кәсіпкерлер тарапынан тұрақты түрде кедергісіз жүргізіліп келеді.
Сарысу аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі