Бұқараның басына бұйырған бақ  

 

Бүгінде Үкімет тарапынан жанданған  «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру», «Бастау Бизнес» сынды жобалар өз өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді. Аталған бастамалар талай жанның екі қолына бір күрек таптырып, тұрғындардың да тұрмысын түзей түсті. Бұл қараша халықтың басына бұйырған бақ.  Жамбыл жері де мемлекеттік бағдарламаларды бұқара игілігіне  жаратуда көш ілгері келеді.

Есепті кезеңде Сарысу ауданында  жұмыспен қамту бойынша уәкілетті органға  1 416 адам жұмыс сұрап өтініш білдірген.  Оның ішінде ауыл тұрғындары        918 адам (2018 жылы 1 410 адам, оның ішінде ауыл тұрғындары 668 адам).

Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен 1 403 адам қамтылған. (2018 жылы 1 150 адам).  Ақылы қоғамдық жұмыс орындарына 364 адам жолданып, 63 200,0 мың теңге төленген.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жыл басынан 158 жас маман уақытша жұмыспен қамтылып, 30 915,0 мың теңге қаржы беріліп отыр.

«Әлеуметтік жұмыс орындарын» ұйымдастыру бағытында жыл басынан   135 жұмыссыз азамат уақытша жұмысқа орналастырылып,  игерілген қаржы 9 201,0 мың теңгені құраған.

Әр түрлі мамандықтар бойынша қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға 200 адам жолдау жоспарланған. Қаралған қаржы 38,1 миллион  теңге. Қазіргі таңда 154 адам жолданып отыр.

2019 жылы 74 азаматқа шағын несие беру көзделуде. Бөлінген бюджеттің  қаржысы  313,8 миллион  тенге. Жыл басынан бері Микро қаржы ұйымдарына 36 адам жолдама алып, оның ішінде ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы мал шаруашылығына 13 азамат 40,6 миллион  тенге, агронесие корпорациясы арқылы мал шаруашылығына 3 азамат 13,0 миллион  теңге, барлығы 16 азамат 53,6 миллион  теңгеге шағын несие алған.

«Бастау Бизнес» бойынша кәсіпкерлік негізін 128 адам оқытылып, 85 адам сертификатын қорғап отыр.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант берудің 2019 жылғы кешенді жоспары бойынша 42 азамат 21,2 миллион  теңгеге грант (505 мың теңге) алған. Оның ішінде 35 азамат 29 жасқа дейінгі жастар, 5 көпбалалы аналар және 2 мүгедек.

Тұрақты жұмыспен 406 адам қамтылып отыр.

 

2019 жылдың 1 тамызына ресми түрде тіркелген жұмыссыздардың саны – 1 156, оның ішінде ауыл тұрғындары –      802 азамат (2018 жылы 937 азамат, оның ішінде ауыл тұрғындары – 421 адам).

Иә, еңбек нарығындағы жұмыстар дәлдік пен жауапкершілікті талап етеді. Бұл сенім үдесінен сарысулықтар толықтай шығып отыр.

 

Дедек Төлен

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.