Б.Бақауов: Бес негізгі туристік аймақты дамыту қажет
Облыс әкімдігінде облыс әкімі Болат Бақауовтың төрағалық етуімен өткен аппараттық жиын барысында шыбын-шіркеймен күрес мәселесі мен өңірлік туризмді дамытуға бағытталған шараларды талқылады.
Жиынның алғышқы кезеңінде қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ирина Сорокина облыстағы шыбын-шіркейге байланысты жағдайдың тұрақтылығы туралы мәлімдеді.
– Масалардың бірінші ағыны бойынша жұмыстар аяқталды. Бүгінгі күні бұл шыбын-шіркейдің қанатты түрлері Ленин кентіндегі №2 авиаегістігінде және Усолка өзені жағалауында байқалды, – деді Ирина Сорокина. – Авиаегістікте авиаөңдеу жұмыстары, ал көпір маңында – жердегі химиялық өңдеу жүргізілетін болады. Павлодар саябақтарында масаға қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі жоқ. Онымен біз Кенжекөл мен Ақсу жақтарынан барьерлік өңдеу жұмыстарын жүргізу арқылы күресеміз. Біз Ертіс жағасындаға аудандарда бақылау жұмыстарын жалғастырып келеміз. Осы мәселеге байланысты тұрғындардан ешқандай шағым түскен жоқ.
Содан кейін кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының бастығы Қанат Шәбенов өңірдегі туризмнің дамуы туралы айтып берді. Ал Болат Бақауовтың сөзінше, Баянауыл ауданы туристерді қабылдауға 100%-ға дайын емес екенін атап өтті.
– Өткен жылы Баянауылда ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің басында, яғни 10 маусымда барлық объектілер жұмыс істеді, – деді аймақ басшысы. – Әрине, климаттық жағдайлар дайындық жұмыстарына кері әсерін тигізуі мүмкін, алайда мен бұл жердегі жұмыстардың төменгі деңгейде екенін өз көзіммен көрдім.
Сонымен қатар, Павлодар облысының әкімі бес негізгі туристік аймақты дамыту қажеттілігі туралы айтып өтті. Соның ішінде: Баянауыл, Маралды және Тұз-Қала тұзды көлдері, Шалдай ормандары мен павлодарлық «Ertis Promenade» жағажайы.
Аймақ басшысы туризмді ұйымдастыру жұмысына қанағаттанған жоқ. Жиын барысында бұл саладағы кемшілігі үшін басқарма басшысы Қанат Шәбенов сөгіс алды.
Өз тілшімізден