Баба рухына арналып ас берілді

Қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен Сырым Датұлының 275 жылдығына және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай Жетікөл ауылдық округінде бабаның рухына арналып, қарияларға ас берілді. Ас беру рәсімін Сырымның сегізінші ұрпақтары Руслан, Дархан Зейнуллиндер, Қосарал ауылының кәсіпкерлері жұмылып ұйымдастырды.

Шараға Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев қатысып, сөз сөйлеп, ас беру рәсімін Сырымның тойы алдындағы жауапты іс екенін атады. Ауыл ақсақалы Ерсайын  Рамазанов баба рухына құран бағыштады.

Ауылдың өнерпаздары өнер көрсетіп, Сырым туралы өлең оқыды, ән айтып, би биледі.

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА