«БАБАЛАР МҰРАСЫ-2022» СӘН БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республика елдерінің ұлттық мәдениетін дамыту, халықтардың тарихи мұралары мен мәдени құндылықтарын құрметтеу, сонымен қатар сән-индустрия саласындағы креативті ойлайтын, талантты жастарды анықтау және қолдау, болашақ мамандардың көркем шығармашылығын насихаттау мақсатында 20 мамыр күні аймақтағы ең ірі жоғарғы оқу орындарының бірі  М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде студент жастарының мәдени өміріндегі айтулы және маңызды іс-шара – «БАБАЛАР МҰРАСЫ-2022» атты ІІІ-ші Халықаралық студенттер арасындағы сән фестиваль-байқауы өткізілді.

Айтылған байқау «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, ТМД елдерінің Халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы аясында «Дизайн және сән индустрия» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен ұйымдастырылып өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаттары – мәдениет саласындағы өзара байланыстарды нығайту; дәстүрлі және заманауи мәдениеттерді біріктіру тұрғысынан дарынды жастардың шығармашылық жетістіктерін ілгерілету, сондай-ақ өзіндік ерекшелік пен ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, бәсекеге қабілеттілікті дамытуға жәрдемдесу; шығармашылық бағыттағы жоғары, орта кәсіптік және орта білім беретін оқу орындарының өкілдері арасында шығармашылық тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау; FASHION-индустрия саласындағы байқауға қатысушы қазақстандық және шетелдік білім беру мекемелерінің өкілдері арасында шығармашылық  тәжірибе алмасуға ықпал ету.

Бұл фестивальдің алғашқы сатысы Дулати университетінде «БАБАЛАР МҰРАСЫ-2022» атты Жасөспірімдер шығармашылығының II-ші өңірлік байқауы форматында өткізілді, байқауға шығармашылық жұмыстар мен суреттерді 100-ден астам Тараз қаласы мен Жамбыл облысы аудандарының орта, орта арнаулы оқу орындарынан қатысушылар ұсынды.

Сән байқауы қатысушы авторлардың шығармашылық идеяларын жүзеге асыру үшін интерактивті алаңына айналды. Костюм көрінісінде жүзеге асырылған ерекше және креативті ой-бейнелерін қазылар алқасының бағалауына 120 қатысушы ұсынды.

Конкурстық номинацияларды бағалау кезінде келесі сипаттамалар ескерілді: ұсынылған шығармашылық жұмыстардың «Бабалар мұрасы» байқауының тақырыптық бағытына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі; тақырыптың авторлық бейнесі; костюм әзірлеудің дизайн тұжырымдамасы; жобалық көркем шешімнің өзектілігі, жаңалығы және өзіндік ерекшелігі, сондай-ақ ұлттық нығышта сәнге өзіндік көзқарасымен заманауи киім үлгілерін үйлестіру шеберлігі.

Болашақ дизайнерлер өздерінің шығармашылық идеяларын, креативтілігін және әлеуетін көрсетуге мүмкіндік алады. Байқауда ұсынылған 50 костюм топтамасының әрқайсысы заманауи сән үрдістерімен үйлесетін этникалық бірегейліктің көркем синтезі болып табылады.

Байқауға қатысушылардың жұмыстарын кәсіби қазылар алқасы 6 номинация бойынша бағалады, олар: Алима Садыкова — ЖК «АСЫЛ-АЙ» директоры; Гульмира Сагилаева – ЖК «САГИЛА» директоры; Елена Голубинская – Жамбыл облыстық драма театрының бас костюмері;   Болыс Уалиев – «Дизайн және сән индустрия» кафедрасының доценті, Еуразиялық дизайнерлер одағының  мүшесі; Уржамал Келесова – «Дизайн және сән индустрия» кафедрасының доценті, Еуразиялық дизайнерлер одағының  мүшесі; Гульнара Смагулова — «Дизайн және сән индустрия» кафедрасының аға оқытушысы, Еуразиялық дизайнерлер одағының  мүшесі, халықаралық және республикалық сән байқаулардың жеңімпазы.

Сән салоны – «Набоко» шеберханасының директоры Ирина Набоко төрағалық ететін қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде үздік шығармашылық жұмыстар марапатталды. Қазылар алқасының дауыс беру нәтижелері бойынша бас жүлделер келесідей бөлінді:

  • «Этно-костюм» байқау номинациясында — Қазан мемлекеттік мәдениет институтының студенті Ибрагимова Земфира «Монлы Казан» авторлық коллекциясы үшін ұздік жұмыс ретінде марапатталды (Татарстан).
  • «Стильдендірілген костюм» байқау номинациясында — Ош мемлекеттік университетінің студенті Махаматова Нуриза «Курак күүсү» коллекциясын ұсынып, дипломмен марапатталды (Қырғызстан).
  • «Прет-а-порте» байқау номинациясында — М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері Журабаева Лаура, Тұрдыбек Ару «Аспан» шығарамылық коллекциясымен ерекшеленді, дипломмен марапатталды (Шымкент қ.).
  • «Балалар киімі» байқау номинациясында — «Жар-птица» балалар костюм коллекциясының,  «Авангард костюмі» байқау номинациясында — «SUNNY-70’s» атты коллекциясының авторлары Псков мемлекеттік университетінің студенттері ұздік дипломмен марапатталды   (Ресей).

Байқаудың жүлделі III жүлделі орынға келесі қатысушылар иеленді:

Хилола Мамажанова,  Аделин  Маликкызы, Айназик Жакыпбеккызы, «Восточная сказка» коллекциясы  (Б.Садыков атындағы Қырғыз-Өзбек халықаралық университеті, Қырғызстан);

  • Шамилов Мухамед, «Путь дракона» коллекциясы («Аспара» мәнерлік өнер және бизнес колледжі, Тараз қ.);
  • Бактыбек кызы Уркие, «Баргекче» коллекциясы (Ош мемлекеттік университеті, Қырғызстан).

Байқаудың II жүлделі орынға Шарапова Екатерина, «Siberian expanses» коллекцияның авторы (Новосибирск технологиялық институты, Ресей) және Лоскутова Полина «Пыльная роза» коллекцияның авторы ие болды.

Байқаудың I жүлделі орынға  Қыдырбай Нурдаулет «Ел Ана» коллекцияның авторы ие болды (Южно-Казахстанский региональный университет имени М. Ауэзова, г. Шымкент).

Сән байқаудың  ГРАН-ПРИ  жүлдесіне  қазылар алқасының дауыс беру нәтижесінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұлы дала самалы» коллекциясын ұсынған студенттері — Пернебек Альфия Айдарқызы, Наурызбаева Мадина Нсанбайқызы, Айдаралы  Айдана Жанайдарқызы, Бейсеғұл Айым ие болды.

Қорытындылай келе, біздің «онлайн платформа» болашақ сән индустриясының мамандарының, жақында өзін танытып, әлемдік сән орталықтарын бағындыратын дизайнерлердің шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін ұсынды деп сеніммен айта аламыз. Барлық қатысушыларға шығармашылық табыстар мен биік жеңістер тілейміз.

 

Уржамал Келесова, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Гульнара Смагулова , «Өнер және спорт» факультетінің «Дизайн және сән индустрия» кафедрасының доценті , «Дизайн және сән индустрия» кафедрасының аға оқытушысы