БАҒА ТҰРАҚТЫ. ДЕЛДАЛДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Егістікке терін төккен шаруалар өнімін өткеру кезінде ортаға делдал араласып, оны сауда орталықтарына бастапқы бағадан жоғары өткеретіні бастапқыдан бері бұзылмай келе жатқан заңдылық. Әрине, бағаны ешкім қызғанбайды. Дегенмен азық-түлік бағасының шамадан тыс шарықтауы тұрғындардың қалтасына қатты соғуда. Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы ортаға делдалды қатыстырмай, тікелей егістіктіктен сауда орындарына тауарларды жөнелту болып табылады.

Бұл орайда облыс әкімі Нұржан Молдиярұлының тапсырмасымен «Алқаптан — сөреге» жобасын жандандыруды мықтап қолға алдық. Жоба — бағаны жүйелеудің ең тиімді жолы.

Шілде айында аудан көлеміндегі сауда орталықтары мен кәсіпорын, кооператив басшыларына осы жобаны жән-жақты түсіндіріп, назарларына ұсындық.

Яғни, аудан шаруаларының өнімі ең алдымен ауылға, одан кейін ауданға, мұнан қалса облыс, республика көлемінде саудаланады.

Кәсіпкерлер бұл жобаны қос қолдап қолдауда. Өйткені оларда тауар өндірушіден емес арадағы делдал арқылы өнімдерді сатып алуда. Яғни, бастапқы баға дүкен сөрелеріне жеткенше біршама көтеріледі.

Жоба бүгінде жемісін беріп отыр. Бағаны тұрақтандыруға аудандағы барлық ауылдық округ кірісті. Ал сауда орталық иелеріне тікелей егістіктің басынан тауарды әкелуге жергілікті әкімдік көмектеседі. Келісім-шартын жасауға, тауарды жеткізіп беру ауылдық округке жүктелді. Бастысы — тынымсыз еңбек өз нәтижесін берді.

Аз ғана уақыт ішінде 8340 дана жұмыртқа, 10 тонна картоп, Жұмыртқа 8340 дана, 7 тонна пияз, 600 келі сәбіз, 500 келі қырыққабат аудандағы шағын дүкендер мен сауда орталықтарына біздің тараптан жеткізіліп берді. Мысалға, «Аса-Даму» құс фабрикасынан сұрпына байланысты 25-30 теңгеге сатылған жұмыртқа келісім шарт бойынша тікелей дүкен сөрелеріне шығарылуда. Ал өңірде тапшылық байқалатын кецбір өнім түрлері Байзақ ауданынан тікелей шаруашылық басшысының егістік алқабынан әкелініп саудалануда. Осылайша, баға саясатын қалыпқа келтіре алдық.

Алдағы уақытта 5 түрлі өнімнің санын артыруға жұмыс жасайтын боламыз.

Сондай-ақ шаруалар назарына тағы бір айта кететін мәселе ауданымыз ең көп қоймалары бар өңірге жатады. Ауданда 43,1 шаршы метрді құрайтын 112 көкөніс сақтайтын қойма бар. Сапалы сақтайтын қойма 34 мың тоннаға дейін өнімді қабылдай алады. Ысырп болмасы үшін өзіміздің өңірде сақтауға болады.

Ашығын айтқанда арзан өнімді делдал арқылы қымбат бағада тұтынып жүрміз. Базардағы баға мен егістіктегі бағаның арасында үлкен ацырмашылық бар. Осы бастамаға қолдау білдіріп, кеңінен ақпараттандыруымыз қажет.

Ерлан Қыдыралыұлы, Жамбыл ауданының әкімі