Баға тұрақтылығы бақылауда
Бүгінгі таңда елімізде азық-түлік өндірісін ұлғайту және оның қауіпсіздігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету басты міндет. Ал нарықтық экономиканың қарқын алған кезінде асыраушы саланы дамыту арқылы халықтың әл-ауқатын көтеру де күн тәртібіндегі тұрақты мәселелердің біріне айналғаны заңдылық.
Осыған орай, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан ауданда ішкі нарыққа талдау жасалып, бағаларды негізсіз көтеру фактілерін алдын алу шаралары мен зерделеу жұмыстары күнделікті жүргізіледі.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, әлеуметтік желілер мен жергілікті басылымда баға тұрақтылығына байланысты ақпараттар ұдайы жарияланып тұрады. Нәтижесінде, ауданда әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың құны шекті бағадан асқан жоқ. Ал қалған тауарлар ортаңғы деңгейде қалыптасып отыр. Тұрғындардың тұрмыс сапасының басты факторларының бірі – азық-түліктің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету, бағаның тұрақтылығы мен оны тежеу жұмыстары тұрақты бақылауда.
Бауыржан ТӨЛЕНДИЕВ,
Жамбыл ауданы аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.