БАҒА ЖЕТПЕС БАЙЛЫҚ

Бір кісі Жа­ла­лад­дин Ру­ми­ге ке­ліп, ке­дейлі­гін ай­тып, мұңын шағады. Ғұ­ла­ма одан: «Егер бір де­не мү­ше­ңді ке­сіп алып, ор­ны­на мың ал­тын ұсын­са, сен бұған ра­зы бо­лар ма едің?», – деп сұ­райды. Ол кі­сі: «Жоқ, о не дегеніңіз?!», – деп жауап бе­ре­ді.

Сол кез­де Руми оған: «Онда не­ге әркімге мұң шағасың? Баға жет­пес он екі мүшең сау тұрғанда, кедеймін деуің жараса ма?! Қайта Аллаһ та­ға­ла­ға шү­кір­ші­лік айтпайсың ба?!» деп ойлантқан екен.

Құдайберді БАҒАШАР

Толығырақ: http://kazislam.kz/gibratty-angimeler/item/14752-ba-a-zhetpes-bajlyk