БАҒА БАҚЫЛАУДА

Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков Қаратау қаласындағы ірі сауда орындары мен азық-түлік дүкендерін аралап, ондағы халықтың күнделікті тұтынатын 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасымен танысты.

Алдымен аудан басшысы 3 мөлтек ауданындағы «Айда», «Нұрислам» дүкендерінде болып, әлеуметтік маңызы бар азық – түлік өнімдерінің бағаларын бағамдады.
Онан соң, аудан басшысы жеке кәсіпкер Р.Байтыковтың меншігіндегі «Диас» сауда үйінің жұмысымен танысып, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарымен қамтылуын тексерді.

Аудан басшысы мұнан кейін «Вкусная корзинка», «Фиркан» супермаркеттеріне барып, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасымен танысты.
Аудан әкімі бірнеше сауда орталықтарын аралау барысында тиісті сала басшыларына және жеке кәсіпкерлерге, әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауарларының шекті бағадан аспауын қадағалап, сапасына баса назар аударуын тапсырды.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі