БАҒА ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ — БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінде қарапайым халықты алаңдатқан мәселелердің бірегейі — азық-түлік бағасы екені анық. Осыған байланысты, бүгінгі аппараттық кеңесте аудандағы азық-түлік бағасына бақылауды күшейту мәселесі талқыланды.
Тиісті бөлім басшыларына бағаны көтерген кәсіпкерлерге ескерту жасаумен шектеліп қалмай, ауыл-аймақты аралап, бағаға жан-жақты талдау жасау керектігін тапсырдым. Сондай-ақ, аудандағы әлеуметтік дүкендердің санын арттырып, жеңілдетілген бағадағы жәрмеңкелерді жиі ұйымдастыру керектігін ескерттім.
Бұдан бөлек, аппараттық кеңесте ауданның 2025 жылға дейінгі даму жоспары, ескірген жол белгілерін ретке келтіру, ұсақ шаруа қожалықтарды біріктіру, сүт фермалары мен бордақылау алаңдарына қатысты түйткілдер талқыланып, нақты тапсырмалар жүктелді.