«Бай» деген – түрік тілінде бірінші деген сөз
«Бай» деген – түрік тілінде бірінші деген сөз болыпты. Қазақтан аты ғана бөлек, заты (болмысы) бір халық саналатын ноғай бауырларымыз әйелін «піше» дейді екен. Қап тауындағы қазақтың сыңары сияқты көрінетін қарашайлар да «біше» дейді. Бәйбіше (бай піше) – бірінші қатын деген сөз екен сонда. Көктемде ең бірінші болып көктейтін бәйшешек бар емес пе? Сол да «бірінші шығатын гүл» деген сөз. Шешек – тағы сол ескі түрік тілінде «гүл» деген мағына берген. Гүл – парсының сөзі дейді, білетіндер. Сонда, қазақтың «байы» — мемлекеттегі бірінші адам деген мағына беріпті! Титул, статус екен ол. Қазақ жерін зерттеген Броневский деген орыстың атақты генералы болған. 1840 жылы сол кісі бүй деп жазыпты: «Қазақтың «бай» деген ұғымы орыстың «богатый» деген сөзінің баламасы емес. Бай болу үшін атағынан ат үркетін үлкен тұлға болу керек. Материалдық игіліктерге иелік етумен бірге, ақыл-ойы толысқан адам болуы керек». Шынымен де, қазақтың байлары шетінен бай ғана емес, ауыл-аймағына, халыққа қарайтын, ұлттың болашағы үшін жауапты тұлғалар болатын…
Мына тұжырымнан кейін ,әйел- парсының жәлләп, жүргіш сөзінен арылып, қатындарды- піше дейік ағайын, қолдайсыздар ма?