БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТӨРТ АУЫЛҒА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ

✔️Жыланды, Жоғарғы Боралдай, О.Тайманов, Теректі ауыл тұрғындары үшін 2025 жыл қуанышты жаңалықпен басталды. Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов ауыл тұрғындары көптен күткен табиғи газды салтанатты түрде іске қосты. Бұл игі іс ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың өмір сүру сапасын көтермек.
✔️Сонымен қатар, қаңтар айының соңына дейін Кеңестөбе, Бірлік, Қазата елді мекендерін және жыл соңына дейін Бәйдібек ата елді мекенін табиғи газға қосу жоспарлануда. Нәтижесінде аудан бойынша 36 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады. Ол халықтың 85,8 пайызы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі