БАЙҚАДАМДАҒЫ БАСҚОСУ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығымен барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, кездесу барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, шешу жолдарын түсіндіруді және қарастыруды тапсырған болатын.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Байқадам ауылдық округінде тұрғындармен кездесті. Кездесуде аудан әкімі 2023 жылы атқарылған жұмыстарды баяндады. Алдағы атқарылатын жұмыстарды ортаға салды. Тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдады.
Ауданда атқарылған жұмыстармен қатар, Байқадам ауылдық округінде де қолға алынған жұмыстар мен жүзеге асатын жобалар айтылды.
Тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы 2019 жылы бірінші осы Байқадам ауылдық округінен басталып, өз нәтижесін беріп келе жатыр. Саудакент ауылының ауыз су құбырларын жаңғырту жұмыстары атқарылуда. Жаңатас қаласы және 14 елді мекендерді газбен қамту жобасы ауданда іске асып жатыр. Жоба биылғы жылы да жалғасады. Бұл жобаның ішінде Саудакент ауылы да бар. Жолдар жөндеуден өткен.
Биылғы жылы Саудакент ауылының су құбыры желілерін қайта жаңғырту, Тұрмыстық қалдықтар тастау орнының құрылысы, Саудакент ауылында Әйтеке би, А.Байтұрсынов көшелеріне жарықтандыру, Алтынсарин көшесі бойына волейбол алаңшасын орнату, аталған көшенің бос жатқан жерге аббатандыру жұмыстары жасалынбақшы. Сондай-ақ, 2 спорт алаңшасын, балалар ойын алаңшасы, сквеер және жаттықтыру алаңы орнату жұмыстары, аудандық аурухананың Саудакент ауылдық бөлімшесінің жылыту қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр. Байқадам орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізу үшін облыстық басқармаға ұсыныс енгізілген. Жоба нақтылану үстінде. Сараптамадан өткізіліп жатқан екі жоба бар. Олар Саудакент ауылына кіре беріс жолды жөндеу, Саудакент ауылының су құбырын жаңғыртудың 2 кезеңі.
Жиын барысында тұрғындар тарапынан
ауруханаға МРТ аппараты орнату, каналдарды жөндеу, жер мәселесі, үш ауылға бір полиция пунктін ашу, сайлау комиссиясының құрамын, қоғамдық кеңес мүшелерінің құрамын қайта жасақтау,
басқа да жеке мәселелер көтерілді.
Көтерілген мәселелер бойынша тиісті жауаптар беріліп, қадағалауды қажет ететін кейбір мәселелер бақылауға алынып, заң аясында тиісті жұмыстар атқарылатындығын айтылды,.
Жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.
Ауыл тұрғындары есепті кезеңде ауданда атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.