Байлыққа бақыт келмейді…

Терме……
Байлыққа бақыт келмейді,
Алтынды белден үйгенмен.
Кейбір жанның көңлі тар,
Бар болып дәурен сүргенмен.
Бастағы дәулет түлкідей,
Көзді алдап сұлу түрленген.
Достыңда баз-бір опа жоқ,
Бетіңе қарап күлгенмен.
Шалағай болса жолдасың,
Болмашы жерде сыр берген.
Жүйелеп сөзді жымдасаң,
Найзадай болып түйрелген.
Дәмді болсын лебізің,
Жал-жаядай сүрленген.
Қысылған жерде топ бастар,
Сөзге құмай, сұрмерген.
Бақ біткен сайын жұмсақ бол,
Терідей сүтке иленген.
Ойласпай ерте іс қылма,
Қолыңа билік тигенмен.
Қобалжып көңлім торықпа,
Өсек пен нахақ, сүйреңнен.
Күншілдік бірге туысқан,
Белгілі жау ғой үйренген.
Шабыстан жүйрік жаңылмас,
Аяқтан шалып ілгенмен.
Дария арам болмайды,
Ит қаншама сигенмен…
Алмас Алмат.
1978ж.