Байзақта мемлекет басшысы атынан ауызашар берілді
Аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «Бағлан» мейрамханасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар берілді.
Он екі айдың сұлтаны — Рамазан айында жамағаттың басын қосқан игі шараға аудан әкімі Бақыт Қазанбасов та қатысты.
Алдымен «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл құран бағыштады. Одан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Ермеков сөз алып, жайған дастарханнан дәм татқан жамағат атынан сауапты іс жасап отырған Мемлекет басшысының аса жауапты қызметіне табыс тіледі.
Берекелі дастарханның соңында ата-баба рухына Құран бағышталып, қазыналы қариялар елімізге береке-бірлік тілеп, бата қайырды.
«Ауыл жаңалығы» — ақпарат.