Байзақта оқ-дәрілерді жою жұмыстары жалғасуда
Байзақ ауданы бойынша оқ-дәрілерді жою әскери бөлімнен 12 шақырым қашықтықтағы таулы аймақтағы шалғай учаскеде жару әдісімен жүзеге асырылуда. Бұл аумақ ешкімнің жеке меншігі емес және Жамбыл облысы әкімдігінің рұқсатымен бөлінген.
Қазіргі уақытта ауа райының өзгеруіне және күндіз желдің соғуына байланысты жою жұмыстарының кестесі өзгерген.Жарылысқа дайындалып жатқан оқ-дәрілердің көлемі бұрынғыдан екі есе аз, бірақ жарылыстардың саны ұлғайтылды.
❗️ Байзақ ауданының тұрғындары жарылыстардың дыбыс әсерлеріне байланысты дабыл қағып жатқанынан жергілікті «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы хабардар.
Үлкен дүмпу мен сейсмикалық әсердің алдын алу мақсатында мамандар жойылатын оқ-дәрілердің мөлшерін есептеді. Және оның саны белгілі бір межеден ешқашан асып кеткен емес. Керісінше, жүргізіліп жатқан жұмыс барысында ол айтарлықтай төмендеген.
❗️ Бұл жұмыстарды тоқтатуға болмайды, өйткені аяз басталмай тұрып инженерлік қызметтер әскери бөлімнің аумағын 100% тазартып, жиналған оқ-дәрілердің негізгі бөлігін кәдеге жарату керек. Бұл жұмыс еліміздің жоғары басшылығы қойған міндеттерге сәйкес жүргізіліп, жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бақыланатын жарылыстарды жүргізу ағымдағы жылдың 25 қарашасына дейін жоспарланған.
Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі