Байзақтық жерлестеріміз жеңімпаз
Жуырда Мойынқұм ауданында ширек ғасырға жуық аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Айтбай Назарбековтің туғанына 100 жыл толуы кең көлемде аталып өтті.
Аталған мерейтойдағы облыстық ақындар айтысына қатысқан 16 жүйріктің арасындағы біздің жерлестеріміз Әсет Дүйсебай бас жүлдені (500 мың теңге), ал Алтынкүл Қасымбекова үшінші орынды (150 мың теңге) жеңіп алып, аудан абыройын асқақтатты.
Айтыс өнерінде талай олжа салып жүрген қос ақынды жаңа жетістіктерімен құттықтай отырып, алда да табыс биігінен көріне беруіне тілектеспіз.
«Ауыл жаңалығы» — ақпарат