«БАҚАНЫҢ БАҒЫНАН, СҰҢҚАРДЫҢ СОРЫ АРТЫҚ»

Бауыржан атамыздан қалған қадірлі сөз.

«Адамды бұзатын не? Тағы сол — атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз — еркектер бұзамыз. Қартайғанда адам соқа басы сорайып жалғыз қалады. Өйткені, қыз күйеуге кетеді, ұлды келін әкетеді. Сонда сенен атақ, ақша, абырой, бала — бәрі безгенде, қыңқ етпестен қалқайып қасыңда қалатын бүкір кемпірің ғана болады. Адам боп сүрген аз дәуреніңді — елу жас па, жүз бе, бәрібір оны аяқтап, мәңгі келмеске бірге аттанар сенімді серігің де — сол! Сол жалғыз серігіңе өмірде адал болмағаның өзіңе ауыр, одан айырылып, жалғыз қалғаның одан да қиын! Мұны еркектер ойлауы керек!»