«Бақыт кілті» форумы өтті
Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығының» ұйымдастыруымен облыстық
«Jambyl» телеарнасының бірлескен жобасы аясында
«Бақыт кілті» енелер мен келіндер форумы өтті.
Форумға басқарма басшысы Гүлдана Жауынбекова, орталық директоры Элмира Мырза-Ғали, телеарна директоры Гүлбаршын Құланбаева, елімізге белгілі зиялы қауым өкілдері, ардагер ұстаздар, ақын жазушылар, мәдениет және руханият саласының үздіктері және профессор, кәсіпкерлер, көпбалалы аналар, медиа саласының үздіктері мен қоғам белсенділері, «Бақыт кілті» бағдарламасының кейіпкерлері, яғни келіндері мен енелері, зиялы қауым өкілдері, орталықтың курс және үйірме қатысушылары, орталық қызметіне жүгінушілер, Тараз қаласының тұрғындары қатысты.
Отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбиені насихаттау, қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін ұлттық құндылықтар аясында кеңейту, ана мен келін қатынасын жақсарту мақсатында өткен форумда Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Салықова Нұрсифат, профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Жолдасова Күлжәмилә сөз алып, отбысы құндылықтары жайында танымдық әңгімелерін ортаға салды.
Бақыт кілті» жобасына қатысқан кейіпкерлерді жоба авторы, белгілі журналист Қымбат Қаржауқызы жиналған қауымға таныстырды.
Сондай-ақ орталықтағы үйірме жетекшілері шеберлік сағаттарын көрсетіп өтті.
Форумда Гүлдана Әлімжанқызы жиынға қатысушыларға ұйымдастырушы тараппен бірге марапаттар табыс етті.
Форум концерттік бағдарламамен қорытындыланды