БАҚЫТ ТУРАЛЫ АСТАРЛЫ ӘҢГІМЕ

Бір күні ағайынды үшеуі бірге келе жатып шұңқырда бұғып отырған БАҚЫТ-қа кез болып қалады.
Ағайындылардың үлкені шұңқырға жақындап барып, Бақыттан ақша сұрапты. Бақыт оны көп ақшалы болдырып, ол қуана-қуана кетіп қалады.
Екіншісі сұлу бойжеткенмен бас құрағысы келетінін айтқанда, арманы дереу орындалып, ол да қуана-қуана өз жолына түсіп кетіп қалады.
Ал ең кішісі шұңқырға қарай еңкейген кезде,
— Сізге не керек, қымбаттым? — деп сұрапты Бақыт.
— Егер саған бір нәрсе қажет болса, мен сол нәрсені істеймін, — депті кішісі.
— Олай болса, мені осы шұңқырдан шығаршы, — депті Бақыт.
Кіші інісі қолын созып, оны шұңқырдан шығарыпты та, өз жолын жалғастырыпты.
Бақыт оған өмір бойы еріп жүрген екен…
А.Т