БАҚЫТТЫ ӨМІР ҮШІН СИҚЫРЛЫ СӨЗДЕР…

ҚИМЫЛДА…
Үйіңді, төсегіңді, денеңді қимылдат…
Саяхатта, тауға өрмеле, жұмыстың, қарым-қатынастың, өмірдің дағдысын өзгерт…
Көру бұрышыңды өзгерт…
Сенің ең «жынды» армандарыңды қолдайтын нақты адамдарға бет бұр…
ҚОЛЫҢДЫ ТИГІЗ…
Денеңнің жақсы көретін бөлігіне қолыңды тигіз…
Жақсы көретін адамыңның арқасынан қақ…
Гүлбақшада құшақтас…
Итіңді, мысығыңды сипа, еркелет…
Жібек орамал, ағаштың қабығы, тастарға, суға қол тигіз, сезін…
Қолыңды неғұрлы көп тигізсең, соғұрлым жақсы сезімдерді сезінесің…
ТЫҢДА…
Тыныш отырып тыңда…
Адамдардың дәл не айтып жатқанын тыңда…
Музыка әуенінің соңғы нотасынының әрбіріне құлақ түр…
Ішкі дауысыңды тыңда…
Жапырақтардың сыбдырын, жанып жатқан ағаштың дыбысын, құстардың шуылын тыңда…
Жүрегіңді тыңда, ешқашан айтылмайтын барлық нәрсені тыңда…
СЕЗІН…
Буланып бара жатқандай сезінгеніңше ауырсыну мен қуанышты сезін…
Ішегің түйілгенше күл, махаббатты жүрегіңнің тереңінен сезін…
Өмірдің құштарлығына түгелдей сүңгіп беріл…
Ашулан, ашу-ызаңды білдір, бірақ жалғыз болған кезіңде…
Егер шынымен сезбесең, сен тірі емессің…
СЕН…
Білуің керек нәрсені білесің…
Күмәндануды доғар…
Ішкі түйсігің саған ең шынайы, дұрыс қызмет етеді…
Түйсігіңді сезіне білмесең немесе одан бас тартсаң, сен өкінесің…
Есіңде болсын: Тек өзің ғана саған не қажет екенін білесің…
Теңіз жағалауында серуендегенді ұнатсаң, оған жетудің жолын тап…
Егер өзіңе шынымен сенбесең, сен шіріндіге айналасың…
СӨЙЛЕС…
Жақсы көретін жігітіңмен, бойжеткеніңмен жолығып сөйлес…
Көппен бірге дәмді шай іш, орманға барып бірге қыдыр, әңгімелес сөйлес, дауыстап өлең оқы, ән айт…
Басқаларға ұқсайтын және олардан ерекшеленетін шашың, терің, денең, өмір тарихың туралы ашылып сөйле…
Олармен бірге тамақ пісір, бірге тамақтан…
ӨЗІҢЕ АЛ…
Әркімге бере беруді бір рет болса да доғарып, өзіңе бер, өзіңе ал…
Мақтауды мәз болып қабылда…
Естуге тиіс дауыс, құшақ, сөйлесу сәті, үстелдегі тағам, қажетті қаражат әрқашан табылады…
Қабылдаған кезде өзіңді аша біл, алақаныңды жай, молшылық болады…
Лайықты барлық нығметті ал, өміріңді ләззатпен жалғастыр…
РАЗЫ БОЛ…
Шуақ шашқан, разы болған бейнеңді сақта…
Разылық дегеніміз бергенге де, алғанға да рахат сыйлайтын қуатты энергия…
Қарапайым тіршілікке разы бол, күндізгі күн, түндегі ай, үстелдегі тағам, денеңнің тепе-теңдігіне разы бол…
Айналаңа разы бол, олардың барлығы сенің әлеміңді бірге жасайды…