Бақытты сезіну сезіміне қалай жетуге болады?
Адамдарға мына өмірді сонша қызықты және тартымды етіп тұрған құдірет – бақыт екендігі күмәнсіз шындық. Кез келген адам, бұл өмірде кем дегенде бір рет өзінен «Бақыт» деген не екенін сұрайды.
Біз әрдайым достарымызды, туған туыстарымызды бір себеппен құттықтаған кезде оларға Бақыт тілеп шығамыз! Өйткені сенеміз өмірде ең бастысы өзіңді бақытты болып сезіну! Бірақ бақыт ұғымы өте кең және ауқымды, біреу үшін бақыт бұл махаббат болса, ал бәзбіреулер үшін әл-ауқат пен ақша, енді біреулер үшін деңсаулық пен өмір…
Менің ойымша, біз өміріміздің әртүрлі сәттеріңде бақытты болу сезімін әртүрлі қабылдаймыз. Бақыт деген сөздің мағынасы әрбір адам өмірінің даму жолымен ерекшелінеді. Бүгін адамға махаббат пен отбасының амандығы қажет болса, ертең атақ мен мансап керек болады. Ал біраз уақыттан кейін деңсаулық пен сәттілік қажет болуы, әбден қалыпты жағдай!
Сонда бақыт деген не? Бақытты сезіну сезіміне қалай жетуге болады? Бұл жеңілдік, қуаныш, бейбітшілік сезімдерінен тұрады ма? Әлде бақыт адамның жетістігімен өлшенеді ме? Себебі өз қабылдайтыным, бақыт сезімі барлық армандарың, ұмтылыстарың мен үміттерің кенеттен орындалатын сәт. Өзіне жақын жандардың сау аман-есен болғаны, мен үшін бақыт сезімін жүрегіме ұялатады.
Менің жақындарым бақытты болса мен де бақыттымын! Яғни, менің айтқым келгені, барлығы адамға және адамның не қалайтыныңа тікелей байланысты! Егер бақытты боламын десеңіз, онда не нәрсенің сізге бақыт әкелетінін жақсы біліп алыңыз және алдыңызға нақты мақсат қойып, соған жететініңізге сеніңіз – бақытқа жетудің басты кілті осы.
Тарих атасы Аристотель бақыттың сыры, адамның өзін-өзі тануында болады деп сенген. Өз әлеуетін ашқан ғана адам бақытты бола алады!
Шынымен де, жақын адамдар, тұрақтылық, бейбіт аспан – бәрі бақыт. Қиыңдықтар мен жағдайларға қарамастан, барлық адамдарда бақытты болудың көптеген себептері бар деп санаймын. Өйткені өмір сүру, дем алу, сау болудың өзі – бір үлкен ғанибет. Шынайы бақыт жабырқаумен қайғы-қасіреттің болмауында емес, қуаныш пен қанағатты сезініп, өмірге риза болуында.
Әйгерім Тұрғамбаева
Өскемен қаласы