Бақыттың дәмін сезіне біл
Қиындық көріп жүрмін деп ешқашан айтуға болмайды екен…
Әлемде үш түрлі ғана ҚИЫНШЫЛЫҚ бар
— Жастай ата-анасынан жетім қалу
-Жер ортасына келгенде қосағынан айырылу
-Қартайғанда бала-шағасынан айырылып қалу
Бұ дүние әртүрлі бола береді, ақша-қаражат, дүние байлық табылғанына табылады, табылмағанына табылмайды.
Ал, сүйікті адамдарымыз бір кетсе бізге қайта оралмайды.
Сондықтан өзіңді қиындық көріп жүрмін деп айтпа.
Өмір сүру, тірі жүру деген ең жақсы нәрсе.
Жанай өтіп бара жатқан біреудің күлімсіреген қарағанынан да бақыттың дәмін сезіне біл.