БАҚЫТТЫҢ ШЫРАҒЫН АҚЫЛДЫ ӘЙЕЛ ЖАҒАДЫ

Айналайын қыздарым келін болып босағаны аттағаннан кейін, балалық дәурен артта қалады…
«Ақылсыз әйелдің ашу көп, төркініне қалуы көп»- дегізбей босағаның ұйытқысы болыңыздар.
Бақытты болу үшін келген елінің әдет-ғұрпына көңіл бөліп, соған бейімделіңіз.
Ата- енеңді сыйлап,
құрметтесеңіздер, барған босағанызда сыйлы боласыз.
Үлкендер артық сөз айтса, кешіре біліңіздер, ертең сізде қартаясыз…
Келген қонақты қарсы алсаңыздар, қонақ пен береке кіреді. Берекелі әйел дастарханның құты, барша елді тойдырады, берекесі әйел дастарханның жұты, қонағың тайдырады.
Күйеуіңе көңіл бөліңіздер, киімі таза, жағасы кір болмасын, ел күйеуінің киіміне қарап сіздерге баға береді.
Тамағы тоқ, үйде ұрыс- жанжал болмаса, еркек тұсаулы аттай алысқа кетпейді.
Күйеуіңді көптің ішінде тәрбиелеп, мінің айтпа, аузына қақпақ қойып сөйлемеңіз, сіз туған жоқпыз, балаңыздай ұрсатын. Еркек деген аңғал бала секілді, ешкім жоқта, ерсі қылықтарың, жанына жара салмай айтсаңыз болады.
Балаңыздың көзінше де кемшілігін айтсаңыз, себебі әкенің бағасы төмендейді…
Табиғат еркекке серілік қасиетті бойына дарытқан.
«Үйден қырық қадам аттаған еркек бойдақ» деп қазақ бекер айтпаған. Күйеуіңіздің серілік қасиетін білсеңіз де кешіру керек. Күйеусіз өмірді елестетіп көріңізші, баларыңызды жетім етпе, сізге адам табылар, бірақ балаға өз әкесіндей болмайды.
Қанға сінген жаман әдетті, бірден еркек қоя алмайды бірақ не нәрсенің де шегі бар, бір күні жаман әдеттен арылады.
Ал ажырасқандар, күйеуі қайтыс болғандар тұрмыс құрып, бақытты болғысы келеді. Бірақ қыз баласы бар әйелдің тұрмысқа шығуы өте қиын және қауіпті екенің ойласа екен…
Кейде, әйел баламен еркекті ұстаймын деп ойлайды, бірақ сыйламасаңыздар бақыт бастан ұшады.
Жақсы әйелден еркек кетпейді.
Әйел ерің сыйласа,босағаңыз берік болады.
Еркектің қалтасы құр болмауы керек тапқан табысын сыпырып алу дұрыс емес, олардың да баратын жері бар…
Бір байқағаным әйелдің уыстап тапқан ақшасының еркек аз ақшасы берекелі…
Еркек адам қасиетті мен рухы керемет!
Әйелі бұзылған елдің болашағы болмайды.
«Еркекте айбат болмаса, әйелде ұят болмайды»- дегендей, ер-азаматтарда өзіндік ерге тән қасиет болуы керек.
«Қатыны қабағың түйіп керілсе, ұлың ұрысқа сай болса, келінің керіске сай болса, қызың сумақай болса, сол үйдің берекесі кетеді»- деп
Қазыбек би айтқан екен…
Кішкентай кикілжіңді үлкейтіп, ашумен әйел от басының берекесі кетірмеуі керек…
Әйел төзімді,еркектің қорлауына, масылдығына да шыдайды…
От басының бақытты болуы екі адамға байланысты.
Шаңырақтарымызда шаттық болып, сәбилер жыламасын!
Қазағымның рухы биік болсын.
Рух деген өмірді бағалау, заманға баға беру, дүниеге келгеніңді ұғыну, келген соң кетеріңді білу!
Рух деген жан дүниенің күші!
Қазақтың қайсар, намысты ер азаматтарына төрден орыны болып, отбасында сыйлы болсын деп тілеймін!
РАЙХАН МАТАЙ