Бала күтіміне қатысты төлем 1,5 жасқа дейін ұзартылады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезекті Жолдауында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартатынын айтқан болатын.
Осы орайда қоғам арасында сәбиге төленетін жәрдемақы мерзіміне 2022 жылы дүниеге келген сәбилер іліге ме? деген сауалдар жиілеп кетті.
Төлем жүйесіне енгізілетін өзгеріс туралы ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Айнұр Әбдірахманованың айтуынша, егер 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін бала 1 жасқа толмаған болса, жәрдемақыны ұзарту мерзімі автоматты түрде жүзеге асырылады.