Бала мектепте оқып жүргеннен-ақ өзін жетілдіруі, мақсатын дәл анықтауы керек

4 жыл университет оқыған бір жас.
2 жыл магистратурасын да оқыды.
Неге магистратура оқыдың? десең
“Өмір сүрудің қамы” дейді.
Ойламай, мақсатсыз, асығыстықпен…

Оқуын тәмамдаған жас маман жұмыс іздеуге шығады.
Ал резюмесіне қарасаң дәл басқаларынкіндей, тек қана аты – жөні басқаша. Өзі бір дұрыстау практика да жасамаған. Студенттік ұйымдарға да қатыспаған. Бір де бір шет тілдерін үйрету курстарына бармаған. Ешқандай қоғамдық жұмыстарда да жұмыс жасамаған.
Тек қана оқыпты.
Еш нәрсенің мәніне бармай оқи берген.
Өзінің ортасын құрмаған, ешкіммен таныспаған.
Атақты, білімді кісілердің жазбаларын да оқымаған, солардың электронды адресіне “сізбен бір шыны шәй ішкім келеді” деп хабарлама да жіберіп көрмеген. Оқудан басқа ештеңеге талпынысы болмаған.

Ал енді, жұмыс іздеп жүр.
Мыңдаған резюмелерге ұқсаған резюмемен жұмыс іздеп жүр. Істің ең жаманы, өзін жетілдіру үшін, тәжірибе жинау үшін, сол салада мықты маман болу үшін жұмыс іздеп жүрген жоқ. Ал не үшін дейсіз ғой?
Жауабы оңай: Ақша үшін.
Ал бұғанда жарайды делік, қанша айлығың болуын қалайсың? десең
Жауабы: 200 000 тенге.
Мына сандарды есіткенімде көзім жайнап кетті. Сол сәтте, қолыма қағаз бен қаламды алып, есептеп бердім.
“Ал, қара!”, 200 000 тенге қалап тұрсың. Сол айлыққа айына 20 күн жұмыс жасайсың. 200 000ді 20 күнге бөлсең күніне 10 000 тенге. Сенің бұл ақшаңа бала тәрбиешің де келмейді. Дұрыс па? Сол сәтте жас маманның жайнап тұрған көзіндегі шоқ жоқ болып кетті. Себебі ол алдын бұлай есептерді ойламаған. Бұндай есептерді көргенде еңсесі түсіп кетеді.

“Сен қаншама жылдан бері осы үшін оқыдыңба?” деп сұрадым.
Бірақ жауап бере алмады.
Не десін байғұс. “Жоқ” десе резюмесі олай демейді. “Иә” десе жүрегі жол бермейді.

Бұл жерде мақсат қанша айлық алуда емес. Негізгі айтпақ болғанымыз, бала мектепте оқып жүргеннен-ақ өзін жетілдіруі, мақсатын дәл анықтауы керек.
Университетте болса өзін ары қарай жетілдіруі, өмірді тануға дайындалуы, мақсатына жету үшін талпынуы, университетті тәмәмдағаннан кейін аз айлық болса да бір жұмысқа орналасуы, сол жерде өзін жетілдіріп, жақсы нәрселерді ойлап, үнемі ойлардың артынан жүре беруі керек.

Бұл жазба университетке түскісі келетін оқушыларға, университетте оқитын студеттерге, университетін бітіріп жұмыс іздеуге кіріскен жас мамандарға арналған.
Сол жастарымызға оқытыңыз. Кеш болмай тұрғанда, не үшін жұмыс жасайтындарын, “өзінің сүйген мамандықтың мықты маманы болғысы келеме немесе ақшаның соңынан кетіп, өзі де түсінбейтін мамандықтың иесі бола ма”, осыны ойласын.

Өмір деген лезде өтіп кетеді. Жастарымыз өмірде тек қарынның ғамын емес, басқа да маңызды дүниелер бар екенін ұғынсын.

Омар Екінші
Аударган Ләзат Базарбаева