Бала тууды СМС арқылы тіркеу
Сонымен, көптен күткен күн келіп, сіздің балаңыз дүниеге келді. Сіздің барлық құжаттарды рәсімдегіңіз келеді, бірақ балаға көп уақыт бөлу керек және “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ (ХҚКО) бару қажеттілігі сізді қиын жағдайға қояды.
Бұл жағдайда баланың тууын тіркеуге өтініш беруге, оны балабақша кезегіне қоюға және жәрдемақы ресімдеуге мүмкіндік беретін белсенді қызмет ыңғайлы болады.
Қызметті пайдалану үшін мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелу қажет.
Мұны төменде көрсетілген тәсілдердің бірімен жасай аласыз:
1. ЭЦҚ қол қоя отырып, eGov.kz порталының Жеке кабинеті арқылы дербес (МАБ-та тіркелу бойынша нұсқаулық);
2. “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ (ХҚКО) филиалдарының кез келген қызметкерлеріне жүгіну;
3. Перинаталдық орталықтар мен перзентхана жанындағы “Азаматтарға арналған үкімет” МК КЕАҚ өкілдеріне жүгіну;
Қызмет тегін, тек телефон нөмірінде оң теңгерім болуы керек.
Бала туғаннан кейін бір тәулік ішінде ақпараттық жүйе медициналық мекемеден хабарлама алып, сізге қызмет көрсету үшін қажетті ақпараттың қадамдық сұрауымен құттықтау СМС-ін жібереді.
Қызмет көрсету үшін қажетті мәліметтер әр түрлі мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынады, ал жеткіліксіз болса баланың анасынан толтырудың қысқаша мысалдарын қамтитын СМС-сауалдар арқылы сұралады.
Аманкулов Канатжан Бахытжанович
Сарысу аудандық халыққа қызмет
көрсету бөлімінің басшысы