БАЛАҒА ҚАТЫСТЫ ЫРЫМДАРҒА СЕНЕСІЗ БЕ?
1. Сәби алып отырған біреудін үстіне сиіп қойса, құт келеді деп қуанады, немесе балаң көп болады деп жұбатады.
2. Біреу әңгіме айтып отырғанда сәби түшкіріп қалса, шын айтқаны деп ойлайды.
3. Бала қаспақ жесе оның үйлену тойында жаңбыр жауады.
4. Баласы шымыр болсын деп әйелге сағыз шайнатады.
5. Бала ортан жіліктің майын жесе бала мейірімсіз болады.
6. Егер бір үйде қыз туыла берсе келесі бала ұл болсын деп оған ұлдын атын қояды.
7. Баланың мойыны тез және түзу бексін деп оның шілдеханасына сойған қойдың омыртқасын тұтасымен асып, тесігінен шыбық өткізіп кептіріп қояды.
8. Шала туған баланы тымаққа салып, неше күн кем болса, сонша күн кереге басына іліп қояды.
9. Қалы үлкейіп кетпесін деп қалымен туған балаға Қалдыбай, Қалдыгүл деп ат қояды.
10. Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.
11. Қыдырып келген жас баланы үйден құр қол шығармайды. Өйткені, сәбидің меселдесі қайтпасын, көңілі қайтпасың, көңілі қалмасың, жүрегі суымасын, келер бақыттың беті қайтпасын, үйде оттай ыстық ықыласы қалсын деп ырымдаған. Егер сәби суық рай көріп кейіген кейіппен шығып кетсе, бұл шаңырақта бақ, төрден бақыт, дәннен ырыс кетеді деп ырымдалады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген мәтел осындайда пайда болған шығар.
12. Сәбилер тоңқайып, екі аяғының арасынан қараса – жақсы нысанға баланады. «Жолаушы келеді», «Жол ашылады», « Алыстан туыстар қатынасады» деп қуанысады.
13. Баланың қарын шашын алған соң, тастай салмай, сақтап қояды. Бала қырқынан шыққанша, жеті ай толғанша әлсіз болады. Сондықтан бір тал шашын тастамай, сақтау керек деп есептеген.
14. Сәби тоңқайып, екі аяғының астынан қараса, күткен жолаушы немесе қонақ келеді.
15. Сәбиге көз тимес үшін бетіне күйе жағып, үстіне ескі киім кигізеді
16. Батырдың, ақынның, палуанның сарқытын жегізсе немесе олар сәбидің аузына түкірсе, жақсы қасиеті мен өнері балаға қонады.
⠀
Жалпы баланың желкесінен сүюге болмайды, табанын сүюге болмайды дегенге қалай қарайсыздар? Сосын бір адамға ұқсасын деген ниетте баланың ауызына түкіртуге сенесіз ба?