БАЛАЛАР- АТА-АНАНЫҢ АЙНАСЫ …
Шеттетіліп өскен бала өзгені жамандайтын өсекшіге айналады
Қатыгез отбасында өскен бала диктатор болып өседі
Берекесіз ортада өссе мазасыз жасқаншақ болуы мүмкін
«Байғұс-ай» дегізіп өскен бала дәрменсіз, әлсіз болады
Баланы менсінбей, елемей өсірген болсаң қорқақ болады
Ата-ана күңкілдеген күншіл болса, бала да сондай болады
Үнемі ұрса берсең, бала да өзін жаманмын деп санайды
Мадақтап мақтап өсірген балада өзіне деген сенімділік болады
Жұмсақ әрі салақ болсаң, балаң пысық болмайды
Мейрімді болсаң, балаң да басқаларға деген сүйіспеншілік пен мейірімділікті үйренеді
Сеніммен тәрбиелесең, ол да өзіне сенімді болады
Дұрыс назар аударып өсрсең, балаң табанды, еңбекқор болады
Бөлісуге үйреткен болсаң, ол да мейірімді болады
Ата-ана адал болса, бала да адал болудың маңыздылығын түсінеді
Бәріне бірдей қатынаса білсең, оларда сондай болады
Мейіріммен өскен бала жұмсақ әрі жігерлі болады
Үйлесімді отбасында өскен бала әлемді жақсы елестетіп өседі.
Амантай Тойшыбай