Балалар біздің болашағамызы        

Ағымдағы жылдың 28-30 маусымы аралығында Астана қаласында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында «Бүгіннің баласы – болашақтың данасы» І республикалық шығармашылық фестиваль өткен болатын. Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, «Aktif  LIFE» қоғамдық бірлестігі, танымал музыкалық продюсері және қоюшы режиссер Бақытжан Тажиновтың шығармашылық шеберханасы.


Облысымыздың атынан фестивальға Качиры балалар үйінің, Екібастұз қаласы «Үміт» балалар үйінің және Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылының 31 тәрбиеленушісі қатысты. Балалар үш жанрда өнер көрсетті: хореография, эстрадалық вокал, көркемдік оқу.
Фестиваль барысында балалар өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп ғана қоймай, көңілді демалып қайтты. Осылайша алғашқы күні балалар үшін Елордамызды аралап, Астананың әсем жерлерімен танысып, экскурсияға барды.
Қалған екі күн бойы балалар өз өнерлерін көрсетті. Олардың өнерлерін, құрамына танымал әртістер, әнші мен хореографтар енген кәсіби қазылар алқасы бағалады. Фестиваль Қазақстан жұлдыздарының қатысуымен өткен гала-концертпен аяқталды.
Фестивальдің қорытындысы бойынша балаларға белсенді қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінен дипломдар,  іс-шараның демеушісі «Aktif  LIFE» мүгедектер қоғамдық ұйымының төрағасы А.К. Исаковтың сыйлықтары берілді.

Өз тілшімізден.